
25-қазан Республика күні мерекесіне орай Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оған қарасты аудандық басқармалардың бірқатар қызметкерлері әр түрлі наградалармен марапатталды.
Департамент басшысы Нұрбек Нышанов ұжымды атаулы мерекемен құттықтай отырып, марапат иелеріне ҚР ДСМ-нің төсбелгілері мен ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігірлерінің Құрмет грамоталарын және өз атынан Алғыс хаттар табыстады.
Қазығұрт аудандық СЭББ-нің бас маманы Гүлжәмилә Нысанбаева ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», Жетісай аудандық СЭББ-ның жетекші маманы Аякөз Ажибекова «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Сарыағаш, Сайрам, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек аудандық СЭББ-ның бас мамандарына ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетованың Құрмет граматолары, және департмент, басқармалардың 8 қызметкеріне Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың Алғыс хаттары табысталды.