-Тұрғындар тарапынан түскен өтініштер негізінде қазіргі таңда Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбековтің 265 тапсырмасы тұрақты бақылауда. Оның 50-і қала дамуының жоспарына енгізіліп, қаржыландыруға ұсыну үшін құжаттары рәсімделуде.
-265 тапсырманың бүгінде 124-і орындалды, өзге өтініштер бойынша жұмыстар басталды.
-Жалпы, даму жоспарына сәйкес, шаһарда кәріз жүйесі құрылысының ауқымы кең. Кәріз жүйесімен қамту жұмысын 2025-жылға аяқтау көзделген. Ауыз су, табиғи газ және кәріз жүйесі толық жүргізілген аумақтарға көше жарықтарын орнатып, асфальт төсеу жоспарлы жүзеге асуда.
-Бірлік тұрғын алабында 35 шақырымды құрайтын 33 көшеге жарықтандыру жүйесі жүргізілді.
-М.Әуезов көшесіне, А.Жұбанов көшесіне көше жарығы орнатылды.
-Көпшіліктің ұсынысына сәйкес Төле би көшесінде «Халыққа қызмет көрсету орталығының» бөлімшесі жаңа форматта өз жұмысын бастады.
-Шілік көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жол төселіп, Төлебаев көшесіндегі балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшасы қалпына келтірілді. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі бойына 2 аялдама орнатылды.
-Жәңгірхан көшесіндегі ескірген аяқжол ағымдағы жөндеуден өтті. М.Жұбанов көшесінде жаяу жүргіншілер жолының құрылысы ай соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Б.Смаилов, М.Ғабдуллин көшелеріне тас төселді.
-Тапсырмалардың орындалуы әр аптаның қортынды аппараттық мәжілісінде баяндалады.
-Нұрбол Әбдісаттарұлы әкім аппаратының ұйымдастыру бөліміне орындалған тапсырмаларды барып тексеріп, зерделеуді арнайы тапсырған болатын. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде тапсырмалардың орындалу сапасы мен саны артты.