
Облыстағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түсуге ниет білдірген талапкерлер арасында конкурс нәтижелері жарияланды!
Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Жаңа оқу жылына облыстық бюджет есебінен колледжде оқуға бөлінген грант саны 15% артып, алғаш рет республикалық бюджеттен қосымша 10000 орынға мемлекеттік гранттар берілген болатын.
Орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандықтары бойынша жүргізілген конкурс нәтижесімен 4577 талапкер «студент» атанды!
Сонымен қатар, білікті жұмысшы кадрларды даярлайтын мамандықтар бойынша 6000-нан астам талапкер қабылдау комиссиясы жүргізетін әңгімелесу нәтижесімен қабылданатын болады.
409666 663736It can be difficult to write about this topic. I feel you did an excellent job though! Thanks for this! 321837