Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің студенттер үйінде Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, жат қылықтардан сақтай отырып, өмірдің бағалы байлық екендігін түсіндіру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін ұғындырып,өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, күте білуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында «Тіршіліктің негізі –салауатты болашақ!» атты психопрофилактикалық шара өтті.
Іс-шара барысында «Темекінің, электронды темекінің денсаулыққа келтіретін зияны және нашақорлықтың қауіптілігі» жайында бейне роликтер көрсетілді.