ТҮРКІСТАН: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Облыс орталығында «Мектепке жол» акциясын жүзеге асыру үшін 1000-ға жуық баланы мектепке қажетті құралдармен қамту көзделген. Бүгінгі күнге дейін демеушілер есебінен берілген мектеп формасы 200-ден астам балаға үлестірілді. Бүгін қайырымдылық шара тағы да жалғасын тауып, Түркістан Оқушылар Сарайы-нда қала әкімдігі тарапынан 200 оқушыға сөмке мен кеңсе тауарлары берілді.

Шарада қаланың дамуына еңбегі сіңген тұлғалар Жарқынбек Құлбайымбетов, Айғаным Серім, Ұлжан Мұстафаева дәстүрлі республикалық акцияға үлес қосқаны үшін қала басшысы Нұрбол Тұрашбековке алғыс білдірді.

«Балалар біздің болашағымыз. Санаулы күнде барлық білім ошақтары оқушыларға қайтадан есігін айқара ашады. Мектеп табалдырығын алғаш аттағылы отырған бүлдіршіндердің қадамдары құт болсын. Қаламыздағы жаны жомарт жандар да жыл сайын қолдан келген көмегін беруде»,- деді Түркістан Қаласы-ның әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы.

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жалғасатын акция барлық мектептерде өткізілуде. Мәселен, бүгін А.Байтұрсынов атындағы №1, Ж.Еділбаев атындағы №18, Абай атындағы №31 мектепте 44 оқушыға қолдау көрсетілді. Кезең-кезеңімен өткізіліп жатқан акция ертең Ғ.Мұратбаев атындағы №5, Қазыбек би атындағы №14 мектепте және 28 мектеп-лицейінде ұйымдастырылады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.