
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рухани шаһар Түркістан облысына іс-сапармен келді. Ел Президенті қала жұртшылығымен кездесуінде аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірнеше түркістандық азаматтарды наградтады. Марапатталған тұлғалардың қатарында Түркістан облысы Сауран ауданы Ж. Тәшенов атындағы жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Арынов Пернебай Сапарбайұлы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шапағат» медалімен марапатталды.