ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІРІМШІК ӨНДІРІСІ ДАМУДА

«Эмир» ірімшік брендімен Түркістан облысында сыр-ірімшік өнімдерін шығарудың негізін алғашқы болып қалаған «АЙКАН» кәсіпорнының қадамы жыл өткен сайын ілгері басуда.

Сайрам ауданында орналасқан зауыт алғашқыда жұмысын 24 адаммен бастаса, қазір мұндағы жұмысшылардың саны 47-ге жеткен. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы мен «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында», «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының көмегімен кәсіпорынға жеңілдетілген пайызбен несие беріліп, инвестициялық субсидияға қолдау көрсетілген. Кейіннен зауытқа модернизация жүргізіліп, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округіне сүт зауыты көшіріліп, өз жұмысын бастады.

Түркиядан құрылғылар әкеліп, табиғи сүтке қозының ұлтабар-мәйегін қоса отырып, түрік технологиясымен дайындалатын «Эмир» сырлары сапаның еуропалық стандартына сәйкес өндіріледі. Сүт өнімдерінен ірімшік дайындайтын компаниялар арасынан бұл кәсіпорын 2017 жылы Қазақстан бойынша жалғыз халал сертификатына ие болған.

Зауытқа сүтті Сайрам ауданының Қарабұлақ, Манкент, Қарамұрт елдімекендерінің тұрғындарынан жинайды. Жаңа өндіріс орнында тәулігіне 100 тонна сүт өндіріледі. Мұнда ірімшіктің 12 түрі шығарылып, Қазақстанның түкпір-түкпіріне таратылуда.

Зауыт басшылығының мәлімдеуінше, кәсіпорын тәуелсіз зертханаға қомақты ақша төлеп, әр он күн сайын өз өнімдерінің сапасын тексертеді. Содан да болар, табиғи сыр-ірімшіктері сөреде ұзақ жатып қалған емес. Өнімдерінің сақталу мерзімі – 2-3 ай. Зауыттың ішінде фирмалық дүкен жоқ, дистрибьютерлері сауда орындарына шығарады.

– «Эмир» өнімдері барлық санитарлық нормаларды мұқият сақтай отырып, Түркияның жоғары технологиялық жабдығында әзірленеді. «Эмир» ірімшігінің 12 түрінің әрқайсысында ақуыз, кальций, магний сынды көптеген құнды дәрумендер бар, — дейді мекеме басшысы Алмагүл Айкан.

Аталған кәсіпорынның негізгі кәсіпкерлік тұжырымдамасы — қоғам өміріне белсенді қатысу. Бұл ретте, мекеме мешітке, мүгедек балаларға, тұрмысы төмен отбасыларға, ҰОС ардагерлеріне әрдайым демеушілік көмек көрсетіп келеді. Олар қаржылық немесе басқа да көмек көрсететін қызмет саласына қарамастан және әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуге атсалысуда.

Компания өнім желілерін кеңейте отырып, белсенді дамуда. 2013 жылдан бері «Қазақстанның үздік тауары», «Оңтүстік Қазақстан бизнесінің мақтанышы», «Озат сүт өңдеуші», «Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің үздігі», «Үздік халал кәсіпорын» және т.б. бірнеше марапаттауларға ие «AYKAN» кәсіпорны облысымызың экономикасына орасан зор үлесін қосуда.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.