
Қазанның 13-14 күндері Қостанай облысы, Тобыл қаласында елімізге белгілі сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» ІІІ республикалық әзіл-сықақ театрлары арасында байқау-фестивалі өтті. Аталған байқауға Түркістан облысы, Келес ауданының «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театры қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
Байқау-фестивальдің мақсаты – Сейіт Кенжеахметовтың шығармашылық мұрасымен танысу, әзіл-сықақ театрларының орындаушылық шеберлігін шыңдау, еліміздің талантты өнерпаздарын анықтау, әзіл-сықақ театрларының бір-бірімен тәжірибе алмасуы арқылы өнерлерін жетілдіру, жандандыру.
Қазақ сатирасының сардарын ұлықтаған фестивальге белгілі сықақшы Көпен Әмірбек (қазылар алқасының төрағасы), театр және кино актері Асылбек Боранбай, «Екі езу» театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан қазылық етті.
Айта кетейік, байқау ережесіне сәйкес, келестік театр ұжымы бірінші кезеңде Сейіт Кенжеахметовтың «Шындық қалай шықты» шығармасын сахналаса, екінші кезеңде еркін тақырып бойынша Нұрлан Имановтың «Дәрігер» қойылымын ұсынды. Аталған әзіл-сықақ театрының жетекшісі – Бақыт Тұрсынов.
584714 558714Hey there, I think your weblog may be having browser compatibility issues. When I appear at your internet site in Safari, it looks fine but when opening in Internet Explorer, it has some overlapping. I just wanted to give you a quick heads up! Other then that, superb blog! 32075
28618 277868hi!,I love your writing so so much! 164610
81021 763624Excellent read, I just passed this onto a colleague who was performing a bit research on that. And he really bought me lunch because I found it for him smile So let me rephrase that. 925468