Түркістан облысында білім сапасын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді ауқымды жоба басталды

Edcrunch academy” және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бастамасымен “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының қолдауымен стратегиялық сессия өтті. Шараға аудан/қаладағы білім бөліміне қарасты мектеп директорлары және мұғалімдер қатысты.

Стратегиялық сессияда Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы сөз бастап, әріптестерге сәттілік тіледі.

Спикер ретінде “EdСrunch academy” институтының директоры, “Uli Dala Mektebi”жобасының жетекшісі Абенова Әйгерім, “EdСrunch academy” институтының негізін қалаушы Нұрлан Қиясов болды. Білікті мамандар тәжірибесімен бөлісті.

Негізгі кіріспе дәрісте педагогтар заманауи қоғам дамуының трендтері мен білім беру саласындағы сын-тегеуріндерге шолу жасады. Әлемдегі және еліміздегі мектепте білім беру саласының дамуындағы негізгі трендтермен танысты. Аталмыш трендтерді статистикалық деректер, заңнамалық бастамалар және білім беру саласының халықаралық салыстырмалы зерттеулері негізінде көрсетуге бағыт-бағдар алды.

Бас қосуға келген ұстаздар қауымы білім ұясындағы мәселелерді ашып айтып, ортаға салды. Бұдан бөлек, ерекше мүмкіндіктерімен де бөлісті.

Сондай-ақ, жиында Кейс-стади “Әлемдегі немесе еліміздегі ең үздік мектептердің жетістікке жету критерийлері” жайлы сөз қозғалды.

Қатысушылар талқылау барысында ең үздік мектептердің жетістікке жетудегі негізгі критерийлері жазылған кестені құрды.

Uly Dala Mektebi” бастамасын, ұсынылатын басқару жүйесін, іс-шаралар тізімі де айтылды. Мектептердің пікірлерін біліп, мүмкіндіктер мен бастаманың тәуекелдеріне түрлі ұсыныстар берілді.

Мұғалімдер арасында сауалнама жүргізіліп, өзекті мәселер легінің шешу тетіктері қарастырылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.