ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК МҰҒАЛІМДЕР БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУДА

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов: «Білім беру сапасы үшін педагогтардың біліктілігін арттыру өте маңызды. Сондықтан біз бірнеше бағытта жұмыс атқарып жатырмыз. Біріншіден, олардың біліктілігін үздіксіз арттыру үшін заңнамаға өзгерістер енгіздік. Президент тапсырмасын орындадық. Енді педагогтар бес жылда емес, үш жылда біліктілік арттыру курстарынан өтеді» деген болатын.

Бүгінде Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері осы аудандағы Сұлтанрабат жалпы орта мектебінің базасында өткізіліп отырған біліктілік арттыру курсында білімдерін жетілдіруде. «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті педагогтарының базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту» атты 80 сағаттық курсқа Төлеби ауданының 30 педагогы қатысып жатыр. Курсты «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастырды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. I was curious if you ever considered changing the structure of your blog?
    Its very well written; I love what youve got to say.
    But maybe you could a little more in the way of content so people could connect
    with it better. Youve got an awful lot of text for only having
    one or two pictures. Maybe you could space it out better?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.