ТҮРКІСТАН: «ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНДА ЖАСТАР АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ

3-7 қазан аралығында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «FarUP zhastary» жобасы аясында «ZhasTimes — Біз бастаймыз» апталық өтеді. Жаңа бағыттың мақсаты кітапхана мен қоғам арасындағы байланысты барынша жақсарту, бой сергіту, сонымен қатар әркез жүзіне күлкі, жүрегіне жылулық ұялату. Аптаның әр күніне ерекше тақырып қойылған. Атап айтсақ:

«Денсаулық — active life» тармағы — кітапхана қызметкерлері оқырмандармен таңғы жаттығу жасап, күннің сәтті өтуіне тың серпін сыйлау;

«Адалдық — ардың ісі» тармағы — арнайы дайындалған тоқаштар мен басқа затты сатушының көмегінсіз алу арқылы оқырманды адалдыққа шақыру;

«Айналаңды гүлдендір» тармағы — кітапхананың барлық қызметкері бірлесіп бөлме гүлін отырғызу, білім алушы оқырмандар үшін әсем жағдай жасау;

«BusTimes» тармағы — кітапхана жастары автобустағы қала тұрғындары арасында сұхбат құрып, танысу, таныстыру, ақпарат беру аймағы;

«Көмекке дайын жастар» тармағы — кітапхананың ерікті жастары қарт кісілерден бастап жас балаға дейін көмек көрсетіп, қоғамға өз пайдасын тигізуі;

«Жүректен жүрекке» тармағы — қайырымдылық жәшігі мен адалдық алаңынан жинақталған қаржыны шын мұқтаж жанға табыстау, кітапханада арнайы концерттік бағдарлама өткізу.

Ad Widget

Recommended For You