ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮШІН МЕКТЕП ФОРМАСЫНЫҢ НҰСҚАЛА-РЫН КЕҢЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Пиджак, жилет, шалбар, юбка және жейдеден тұратын қазіргі мектеп формасымен қатар оқушыларға пиджак пен жакетті түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардигандарға ауыстыруға, сондай-ақ күнделікті киіп жүрген жейделерін поло жейделерге ауыстыруға мүмкіндік беріледі. Алайда киімнің түсі, стилі және басқа да тұстары мектеп әкімшілігімен келісілуі керек.

Бұл ҚР Оқу-ағарту министрлігі қолданыстағы бұйрыққа енгізуді ұсынып отырған толықтырулардың арқасында мүмкін болады.

«Жалпы мектеп формасына қойылатын талаптар өзгермейді. Бұл жерде әңгіме тізімді толықтыру және таңдау мүмкіндігін беру жайында болып отыр. Бұған дейін ата-аналар бұл мүмкіндіктің балалар үшін ыңғайлы екенін айтып, қарастыруды сұраған болатын. Өйткені сабақ кезінде ресми костюм кию балалардың барлығына бірдей қолайлы емес. Сол себепті балама ретінде ыңғайлырақ киіммен келуге рұқсат беру ұсынылып отыр. Мысалы, ресми пиджак немесе жакет орнына тоқылған күрте/кардиган және күнделікті жейде орнына поло жейде. Шешімді мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесі және мектептің өзін-өзі басқару кеңесі қабылдайды. Бұл толықтырулар келесі жылы мектептерде шешім қабылдауға жеткілікті уақыт болуы үшін алдын ала басталып отыр. Бірақ бұл мектептер бекітілген талаптарды міндетті түрде қайта қарауы керек дегенді білдірмейді. Бұл қажет болған жағдайда пайдалануға болатын қосымша мүмкіндік пен нұсқа ғана», — деп түсіндірді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Райынбекқызы.

Ата-аналар өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда тәуелсіз екенін еске сала кетейік.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

12 Comments

  1. Right here is the perfect website for everyone who hopes to find out about this topic.
    You realize so much its almost tough to argue with you (not that I personally will need to…HaHa).

    You definitely put a fresh spin on a subject that has been discussed for many years.
    Great stuff, just wonderful!

  2. It’s a pity you don’t have a donate button! I’d most certainly donate to this superb blog!
    I guess for now i’ll settle for bookmarking and
    adding your RSS feed to my Google account. I look forward
    to fresh updates and will share this website with my Facebook group.
    Chat soon!

  3. I was pretty pleased to uncover this page.

    I wanted to thank you for your time for this particularly fantastic read!!
    I definitely appreciated every little bit of it
    and i also have you book marked to check out new things in your web site.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.