ТҮРКІСТАН «ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» СТАТУСЫН АЛДЫ

Түркістан қаласына «Ерекше мәртебе» туралы Заңда қолөнершілерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген. Осы Заң аясында Түркістан қаласы «World Craft Council» халықаралық ұйымының шешімімен және Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің келісімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесін иеленді.

Ақпан айында Түркістанға «World Craft Council» халықаралық ұйымының мүшелері мен Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша вице-президенті, аймақ бойынша сарапшылар – Үндістаннан, Түркиядан, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағынан арнайы сапармен келіп, қала мүмкіндіктерін жоғары бағалап, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қабылдауында болған болатын.

Сарапшылармен келіссөз барысында қала әкімі Түркістан қаласының «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алуына ниет білдіріп, өтінім жолданған болатын. Нәтижесінде бүгін Түркістан қаласы ресми түрде «Қолөнершілер қаласы» мәртебесін растайтын сертификатқа ие болды.

Түркістан қаласында қолөнер саласы ұлттық дәстүрлерді сақтай отыра, заманауи үрдістермен үйлесімді дамуда. Түркістандық шеберлердің керамикалық бұйымдары әсемдігімен, нақышты өрнектерімен және жоғары сапасымен ерекшеленеді. Алдағы уақытта «Ерекше мәртебе» статусы аясында қолөнершілердің шығындарының 25% субсидияланатын болады. Сондай-ақ, таяу уақытта Қолөнершілер орталығын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin