Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің оқу-өндірістік шеберханасында «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша білім беретін өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пән оқытушылары арасында «Үздік шебер – 2022» байқауы өтті.
Айта кетерлігі, байқау мақсаты оқу үрдісіне WorldSkills стандарттарын енгізу, ұлттық чемпионатының нәтижесі бойынша тәжірибе алмасу және жұмысшы мамандығының беделін арттыру, теория мен тәжірибені ұштастыра отырып кәсіптік құзыреттіліктерін нығайтуға негізделген.
Аламан додада барлық қатысушылар бір күн ішінде екі модуль тапсырмаларын орындады. Сонымен қатар, орындаған модуль тапсырмаларын сараптап, бағалау мақсатында сараптау кеңесінің құрамына байқаудан тыс тәуелсіз сарапшылар қатысты.
Үздік шебер — 2022» облыстық байқауы қорытындысы бойынша:
І дәрежелі дипломмен – Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық
колледжінің арнайы пән оқытушысы
Танишева Мөлдір Насыровна -136 бал;
ІІ дәрежелі дипломмен – Түркістан көпсалалы техникалық
колледжінің өндірістік оқыту шебері
Болысбек Айзада-128 бал;
ІІІ дәрежелі дипломмен – Анвар Исмайлов атындағы кәсіптік
колледжінің арнайы пән оқытушысы
Жумабаева Индира-127 бал;
«Шығармашыл Аспаз» номинациясымен — «18 колледж» МКҚК өндірістік оқыту шебері Қалдыбай Гулжамал -120 балл;
«Шебер қол» — номинациясымен «Көпсалалы индустриалды-техникалық» колледжінің өндірістік оқыту шебері Сулешова Назира -116 балл;
«Үздік Аспаз» — номинациясымен «16 колледж» өндірістік оқыту шебері Мырзахметова Айман — 113 балмен марапатталды.