ТҮРКІСТАН: ҰСТАЗДАР АЛҒАШ РЕТ БОЗ КІЛЕМДЕ БЕЛДЕСТІ

Ұстаз барысы” турнирі Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды. Түркістан төрінде өткен шараның мақсаты: қазақ күресін дамыту және ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Қазақ күресіне аудан, қалалық іріктеу жарыстарынан бірінші орын алған 17 аудан/қаладан 7 салмақ бойынша 7 палуан және 1 өкілден, жалпы 119 ұзтаз қатысты.

Нәтижесінде, жалпы командалық есепте Отырар ауданы көш бастады. Бәйдібек ауданы екінші орынды місе тұтса, Кентау қаласының командасы үздік үштікті қорытындылады. Жүлделі орын алған командаларға медаль мен кубок берілді.

Ал, Төреқұлов Асқар(Отырар ауданы) І дәрежелі “ ТҮЙЕ ПАЛУАНЫ” атанды. ІІ дәрежелі “ТҮЙЕ ПАЛУАНЫ” Рақышов Мақсатқа бұйырды. Әбдіқанов Ербол ІІІ дәрежелі “ТҮЙЕ ПАЛУАНЫ” атанды. 3 палуанға да қомақты қаржылай сыйлық табысталды.

«Ұстаз барысы» қазақ күресінен облыста алғаш өткізіліп отырған жарысымыз жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

Барша жүлдегерлерге зор денсаулық тілейміз. Ұстаздық еңбек жолына табыс тілеп, келе жатқан “Ұстаздар” күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.