
Кеше Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Өнерлі ұстаз —2022» байқауы өтті. Түркістан облысына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұстаздары арасында өткен бұл байқаудың мақсаты — ұстаздардың тарихи танымдығын, педагогика-психологиялық сауаттылығын, шығармашылық талантын анықтау.
Байқау шарты 3 кезеңнен тұрды.
- Өзін-өзі таныстыру. 2. «Мен қазіргі заман педагогымын», педагогтың кәсіби шеберліктерін анықтау.
- Өнер кезеңі. «Біз өнерлі ұстазбыз» өнер сайысы.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде иегері — Түркістан көпсалалы индиструалды техникалық колледжінің ұстазы Сейітмұрат Сырым Әзімханұлы,
І — орын иегерлері: Оразбай Манат, Төлеби ауданы, Ленгер қаласы №8 колледжі, Болысбаева Сандуғаш, Отырар ауданы, Д.Құрманбеков атындағы №20 колледжі.
Жеңімпаз ұстаздарға «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің Алғыс хаттары мен қаржылай сертификаттар табысталды.
88065 197041Hey there! Excellent stuff, do maintain us posted when you lastly post something like that! 210682
212278 759562I will tell your buddies to visit this web site. .Thanks for the write-up. 706146