ТҮРКІСТАН: Өнімдердің таңбалануына қатысты кемшіліктердің басым бөлігі импорттық тауарларға тиесілі

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімдердің қауіпсіздігіне қатысты тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Облыстың санитарлық дәрігерлері 2022 жылдың 9 айында дүкен сөрелеріндегі тамақ және азық-түлік емес өнімдерге жүргізген мониторингілеу барысында импорттық өндірістің — 2045, отандық өнімнің-483 сынамасын зертханалық зерттеуге алды. Нәтижесінде 136 (5,4%) сынаманың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Өнімдердің 89,7%-ы — импорттық, ал 10,3%-ы — отандық өнімдерге тиесілі. Сәйкессіздіктің 71% таңбалау бойынша, оның ішінде тамақ (кондитерлік өнімдер, сүт, құс, балық, май өнімдері, алкогольді және алкогольсіз сусындар) өнімдерімен қоса, азық-түлік емес өнімдер (балалар ойыншығы, жеңіл өнеркәсіп өнімдері және халық тұтынатын басқада өнімдер) бар.

Мәселен, өнімдердің таңбалануында ақпарат мемлекеттік тілде көрсетілмегендігі, ЕАС біріңғай белгісі жоқ, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, өнімнің сақталу шарттары, өндіруші немесе импорттаушы туралы ақпарат, өнімді пайдаланудың басқа да нұсқаулары көрсетілмегендігі белгілі болды. Айта кетейік, жыл сайын жиі анықталатын негізгі бұзушылықтардың бірі-өндірушілердің таңбалау қағидаларын сақтамауы болып отыр. Сыртында жоғарыда аталған ақпараттардың болмауы тұтынушының денсаулығы үшін зиян келтіруі мүмкін екендігін ескертеміз.

Осы орайда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жергілікті кәсіпкерлерге өнімдердің таңбалануын заңнама талаптарына сәйкес іске асыру керектігін еске салып, тұтынушыларды өнімнің жапсырмасына назар аударуға шақырады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.