
Түркістандағы NIS-те облыс ұстаздарына кешенді ойлауды дамытуға және позитивті өзгерістерді жүзеге асыруға арналған «Shell NXplolers» бағдарламасының тренингі бастау алды.
Аталмыш бағдарлама NXplorers – Шелл әзірлеген инновациялық білім беру бағдарламасы. Ол күрделі мәселелер (жергілікті, ұлттық немесе жаһандық маңызы бар энергетика, азық-түлік/су/медицина/ауыл шаруашылығы саласындағы кешенді мәселелер) мен тапсырмаларды шешуге көмектесетін сыни ойлауды дамытуға арналған. Бұл білім беру бағдарламасы құралдарды қолдану арқылы мәселені қалай анықтауға, түсінуге, талдауға және шешуге болатындығын сипаттайтын ерекше әдістеме негізінде жүзеге асырылады. Тренинг 3 концепсияға негізделген: «Азық-түлік – Су – Энергия». Қатысушылар 1 күн бойы күнделікті өмірдің комплексті проблемаларын шешу мақсатымен арнайы құралдар мен әдістемелерді, сыни және шығармашылық ойлаудың дағдыларына үйренеді.
Басқосудың ашылуында Shell Nxplolers-тің жергілікті даму менеджері Ринат Хусаинов бағдарламаның қалай жүргізілетіні жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар, мектеп директоры Балқан Касимов тренингке қатысушы барлық мұғалімдерге өз біліктіліктерін арттыруда сәттілік тіледі.
Айта кетейік, облысқа қарасты барлық аудандардан және қалалардан физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері бас қосқан тренингке жалпы саны 64 педагог қатысуда.
751856 234118I actually enjoyed your amazing web site. Be positive to keep it up. Might god bless you !!!! 923298
546176 75183I admire your piece of function, regards for all of the intriguing posts . 984927