Түркістан облысындағы барлық білім беру ұйымдарында «Отбасылық қарым-қатынас жылулығы» тақырыбында аталып өтті. Мақсат — ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты орнату мен нығайтудың тиімді әдіс-тәсілдерін қалыптастыру.
Шараға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбилеуде атсалысқан 1300-ден аса қамқоршылар мен қорғаншылар қатысты. Бұл мерекелік шарада ата-аналарға құттықтау тілектер айтылып, «Барлық бала бақытты болу үшін жаралған!» атты концерттік бағдарлама мен арнайы қойылым қойылып, «Сіз өз балаңызды қаншалықты білесіз?» тақырыбында психологиялық ойын ойнатылды.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алғысы келетін немесе қамқорлыққа, патронаттық тәрбиеге алатын азаматтарға қолдау көрсету үшін «Үміткер ата-аналар мектебі» барлық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, барлық мекемелерде «Мейірімді жандарға мың алғыс!» тақырыптары аясында тәрбие сағаттар, ата–аналар, көп балалы аналармен кездесулер өткізіліп, қабырға басылымдары шығарылып, бейнефильмдер көрсетілді.
Облысымызда жыл сайын отбасына бала алғысы келетін азаматтарды қолдауға және тартуға бағытталған «Қамқоршы күні», «Ризашылық!», «Доброта во благо детям…» қайырымдылық мерекелері өткізіліп келеді.