2022-2023 оқу жылында 9-11 сынып түлектерін тегін «Техникалық және кәсіптік білім беру» жобасымен қамту қарқынды түрде іс жүзіне асырылуда.
Осы жобаның шеңберінде біздің білім ордамыз Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде 9-11 сынып талапкерлері құжаттарын тапсырып, 346 үміткер SmartNation техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай порталы арқылы талапқа сай іріктеуден өтіп, талапкер мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды.
Мемлекеттік тапсырысты жеңіп алған талапкерлердің тізімі төмендегі қосымшадан көрулеріңізге болады.
Мемлекеттік тапсырыс, грант иегері атанған талапкерлерімізді құттықтаймыз.