Түркістан қаласында 3986 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтама алды

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) бойынша 2022 жылдың басынан бері 9 айдың қорытындысында Түркістан қаласында 3 986 балаға 204 339,0 мың теңгеге КӘТ тағайындалып, төлем жасалынған. Таратып айтсақ, 2022 жылдың 1 тоқсанына 3 477 балаға (1-3/ 1605; 3-6/1872; 1-6/3477) 27 930,0 мың теңге тағайындалған. 2022 жылдың 2 тоқсанына 3 371 балаға (1-3/ 1644; 3-6/1727; 1-6/3371) 100 549,0 мың теңге тағайындалған. 2022 жылдың 3 тоқсанына 3 927 балаға (1-3/ 1853; 3-6/1945; 1-6/3798)   85 346,3 мың теңге тағайындалған.

Сөздің орайы келгенде, демеушілер есебінен көрсетілген әлеуметтік көмек бойынша да айта өтейік. 2022 жылдың басынан бері 9 айдың қорытындысына сәйкес 1085 отбасыға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілген. Бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 228 отбасыға, секторлардың ұйымдастыруымен 857 отбасыға, дәлірек тарқатсақ, Отырар м/а — 195 адам; Бекзат м/а — 150 адам; Шауғар м/а — 130 адам; Сауран м/а — 189 адам; Яссы м/а — 106 адам; Бірлік м/а 87 адамға әлеуметтік тұрғыда қол ұшын созған. Осы ретте демеушілер есебінен 1 281 балаға киім-кешек берілгенін де атап өткен лазым.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға арнап мемлекет қосымша табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама беріп отыр. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет табысы аз отбасылардағы балаларға көмек мақсатында енгізіліп отыр. Әлеуметтік пакет құрамына не кіреді? Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің екі түрі бар, олар баланың жасына байланысты. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия тауарлары қарастырылған. Азық-түлік тауарлары түрлі жарма, пюре, шырын, сүт және т.б. қамтиды. Бұл азық-түлік өнімдерін Денсаулық сақтау министрлігі балалардың ағзасына темір мен басқа да дәрумендердің, минералдардың жетіспеушілігін ескере отырып, ұсынған болатын. Азық-түлік жиынтығымен балалар ай сайын қамтамасыз етіліп отыр. Тіс пастасын, балаға арналған щетка, кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты тұрмыстық химия тауарлары тоқсанына бір рет ұсынылады.

Жалпы, КӘТ — елімізде аз қамтылған отбасындағы балаларды әлеуметтік қорғау бағытында жүзеге асқан жобалардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Үкімет әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдерін енгізді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» №246 Заңына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Аталмыш Заңды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» №320 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің (әрі қарай ЕХӘҚМ) 2009 жылғы 28 шілдедегі №237-ө бұйрығымен «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидалары» бекітілген.

Атаулы әлеуметтік көмек 2002 жылдан бері көмекке мұқтаж жандарға төленіп келе жатыр. Бұл көмектің түрі әр тоқсан сайын отбасының табыстарын жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға тағайындалып төленеді. Негізгі өзгерістердің бірі – кепілдендірілген әлеуметтік пакет. Бұл әлеуметтік топтама тек атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған.
Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы негізгі ұстанымы – көмекке шынайы мұқтаж азаматтарға көмектесу, өмірлік қиын жағдайға тап болған және одан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалуы. Азаматтарымыз көмекке мұқтаж адамдардың бәрі – аз қамтылғандар, көп балалы отбасылар мен балалар мемлекеттің қорғауында болғанын және солай қалатынын білуі керек.

Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі: шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі, шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға арнап мемлекет қосымша табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама беріп отыр.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет табысы аз отбасылардағы балаларға көмек мақсатында енгізіліп отыр. Әлеуметтік пакет құрамына не кіреді? Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің екі түрі бар, олар баланың жасына байланысты. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия тауарлары қарастырылған. Азық-түлік тауарлары түрлі жарма, пюре, шырын, сүт және т.б. қамтиды. Бұл азық-түлік өнімдерін Денсаулық сақтау министрлігі балалардың ағзасына темір мен басқа да дәрумендердің, минералдардың жетіспеушілігін ескере отырып, ұсынған болатын. Азық-түлік жиынтығымен балалар ай сайын қамтамасыз етіліп отыр. Тіс пастасын, балаға арналған щетка, кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты тұрмыстық химия тауарлары тоқсанына бір рет ұсынылады

Тағы бір еске салар маңызды жайт, Қазақстанда 2023 жылы бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетті (КӘП) монетизациялау жүргізіледі. Бұл ата-аналарға баланың жеке қажеттіліктеріне қарай өнімдерді өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде жуырда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі деп хабарлады. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің жобасында ана мен баланы қолдаудың бірқатар шарасы қарастырылған. Құжатта қолданыстағы мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер толығымен сақталғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар жобада балалы отбасыларға әлеуметтік қолдауды мемлекеттік деңгейде жақсартуға арналған жаңа қағидаттар қарастырылған. Атап айтқанда, 2023 жылы Қазақстанда бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетизациялау жүргізіледі. Бұл атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасыларға азық-түлік жиынтығын өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді. Монетизация АӘК алушылар қатарындағы балаларға қосымша төлем белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбек министрлігінің мәліметінше, бұл шара атаулы әлеуметтік көмек алатын 190 мыңға жуық балаға әсер етеді.

Еске сала кетейік, кепілдендірілген әлеуметтік пакет аз қамтылған отбасыларға қосымша қолдау ретінде ұсынылады. Бүгінгі таңда бір жастан алты жасқа дейінгі балалар үшін КӘП өнімдер мен тұрмыстық химия жиынтығын қамтиды. Ал мектеп жасындағы балалардың кейбір санаттары үшін білім басқармалары желісі бойынша ыстық тамақ, мектеп киімі мен жазу заттары жиынтығын сатып алу, сондай-ақ қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру қамтамасыз етіледі. Анықтама үшін: 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 129,9 мың отбасынан 668,8 мың адамға тағайындалды. Осы мақсатқа биыл республикалық бюджеттен 62,8 миллиард теңге бөлінді. АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен азаматтарға тағайындалады. Сондай-ақ АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. 2022 жылдың 1 қазанындағы жағдайға жүгінсек, бір жастан алты жасқа дейінгі АӘК алушылар қатарынан 178,4 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі КӘП тағайындалды. Ел азаматтары тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы АӘК тағайындауға өтініш бере алады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда балалары бар отбасыларды қолдаудың кешенді үлгісі құрылып, оған мемлекеттік жәрдемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар, салық жеңілдіктері және азаматтар өмірінің барлық кезеңіндегі басқа да әлеуметтік қорғау шаралары кіреді. Отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесі әр түрлі өмір жағдайларын қарастырады және МӘСҚ-дан жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемді, баланың тууына, бала күтіміне арналған жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға және отбасының табысын есепке алмай төленетін марапатталған аналарға берілетін жәрдемақыларды қамтиды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.