ТҮРКІСТАН: NIS-тің тәжірибе тарату алаңында өңір ұстаздары бас қосты

Бүгін Түркістандағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Түркістан облысының жалпы білім беретін мектептердің ұстаздарына арналған облыстық тәжірибелік семинар өтті.

Түркістан NIS-тің тәжірибе тарату алаңында Арыс, Жетісай, Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Отырар, Төлеби, Түлкібас аудандары және Шымкент, Кентау, Түркістан қалаларынан жалпы саны 115 мұғалім бас қосты.

Жалпы семинар мақсаты өңір мектептерінің мұғалімдерімен тәжірибе алмасу, оқыту үрдісін ұйымдастыруға бағыт-бағдар ұсыну болып табылады.

Семинардың барысы қатысушыларды тіркеуден өткізгеннен кейін мектептің мәжіліс залындағы отырысқа жалғасты. Жиында мектеп директоры Балқан Маратұлы алғысөз сөйлеп, семинарға келген барлық педагогтарға бір күн бойы шеберлік сыныптарға қатысуда тиімді білім аласыздар деген сенім білдірді.

Мәжіліс залында басқосу барысы Зияткерлік мектеп ұстаздары дайындаған оқу процесіне қажетті шағын оқытумен жалғасын тапты. Тарих пәнінің мұғалімі Бақытжан Дүкенбай «Құндылық пен құрал» тақырыбында бала бойына құндылықтарды дәріптеуде түрлі жағдаяттарды мысалға ала отырып, ұлттық құндылықтардың оқушы бойындағы дағдыларды дамытуда айтарлықтай орын алатынын жеткізді.

Ал ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлзада Жанжігітова «Жобаға негізделген оқыту» (PBL) тақырында белсенді оқыту деген не, оқушының белгілі бір ақпаратты қабылдаудағы деңгейлері, PBL-ды сабақ процесінде қолданудың тиімділігі жайында сөз қозғады.

Мәжіліс залындағы отырыстан соң ұстаздар әр секцияға бөлініп, Зияткерлік мектептің пән мұғалімдерінің шеберлік сыныптарына қатысты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.