ТҮРКІСТАН: NXthinking: Сіз қандай мәселені шешкіңіз келеді?

Облыс ұстаздарына арналған «NXplorers» тренингі сертификатталған жаттықтырушы Асылжан Упашева және жауапты фасилитаторлардың жетекшілігімен командалық жұмыс және интерактивті сессиялар форматында өтті. Бағдарлама барысы 3 фундаменталды кезең: Мәселелерді зерттеу, болашақтың ықтимал нұсқаларын жасау, позитивті өзгеріс кезеңдерінде өтті.

Тренингке қатысушылар алдымен 9 командаға бөлініп, нақты мәселерді шешу үшін оларды қолдану арқылы «азық-түлік — су — энергия» байланысында «Сіз қандай мәселені шешкіңіз келеді? Сіздің нексус мәселеңіз қандай?» сауалдарын таңдауда облыста қандай қиындықтар бар екенін анықтап, проблемалар мен шешу жолдарын қарастыруда NXthinking яғни NX-ойлану әдісін меңгерді.

Тренингте NX-ойлаудың мақсаты – нақты мәселерді зерттеу және ықтимал шешімдерді әзірлеу әдісін ұсыну болып табылады. Қатысушылар өңірдегі проблемаларға көз жүгіртуде мәселені кешенді ойлау және шешу дағдыларын меңгеруде бірнеше проблемалардың бар екенін анықтап, шешу жолдарын қарастырды. Атап айтсақ:

Түркістан облысында табиғи азық-түлікті көбейту үшін ауыл шаруашылығындағы су тапшылығын қалай болдырмауға болады?

Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте көп мөлшерде суды тұтыну салдарынан туындаған проблеманы қалай шешеміз?

Түркістан облысында су ресурстарын тиімді пайдалана отырып, қалай ауыз су тапшылығын шешуге және ауыл шаруашылық өнімдерін арттыруға болады?

Келес ауданында азық-түлікті қауіпсіз өсіруді қамтамасыз ететіндей сапалы су шаруашылығы жүйесін қалай құруға болады?

Түркістан облысында көкөніс жемістердің өнімділігін қалай арттырамыз?

Түркістан облысында біз суды үнемдей отыра қалай азық-түлікті қалай арттырамыз? осы мәселелерді алға қоя отырып, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. Онымен қоса, әр команда өзара зерттелетін проблемаға қатысты адамдар, элементтер немесе оқиғалар арасындағы байланысты анықтауда қағаз бетіне шеңбер сызуда байланыстар шеңберін әдісін қолданды. Командалар байланыстар шеңберінде проблеманы талқылауда әртүрлі пікірлерді бағалау арқылы мәселені түрлі көзқарастардан қарастырды.

Сондай-ақ, тренингте қатысушылар әрбір мәселеге байланысты мүмкіндіктерді талдай отырып, проблеманы шешуде басқа мүмкіндіктерді зерттеуге, бастапқы идеяны бейімдеуге және жақсартуға көмектесетін «Scamper» әдісін меңгерді.

Түрлі көзқарастар мен пікірлер, ықтимал шешімдер, мүмкіндіктер талданған алаңда қатысушылар жүзеге асуы мүмкін идеяларды анықтап, мәселені шешуде Түркістан облысындағы энергетика, азық-түлік, су, ауыл шаруашылығы саласындағы кешенді мәселелерді шешу жобаларын іске асырды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.