Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, М.Лермонтов атындағы жалпы орта мектебінде кеше ағылшын тілі пәні педагогтері үшін «OXFORD UNIVERSITY PRESS» баспасының өкілдерімен «Enhancing Student Motivation and Engagement» тақырыбында тәжірибе алмасу кездесуі өтті.
Оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру мақсатында өткен семинарда аталмыш баспа өкілі, халықаралық шетелдік лектор Пол Вудфолл өз тәжірибесінде қолданылатын инновациялық технологиялары мен практикалық идеяларымен бөлісті.
Семинар қорытындысында аудан педагогтеріне пікір алмасу, түйткілді сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктеріне ие болды.