Бүгін Шымкент қаласы, Ж. Ташенов атындағы университет базасында жаратылыстану-математика цикл пәндері бойынша XV Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өткізілуде.
Олимпиадаға 17 аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінен 49, 11 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 22 оқушы, жалпы 71 оқушы қатысуда.
Олимпиаданың мақсаты: орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету.