Түлкібас ауданы: Жыл қорытындысымен жоспарға сәйкес ауданда 15 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда

Түлкібас ауданы өнеркәсіп өнімдері бойынша облыс көлемінде көш бастап тұр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Жыл басынан бері Түркістан облысы Түлкібас ауданының кәсіпорындарының өндірген өнім көлемі 6 млрд. 382 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,3%-ды құрады. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі – 3 млрд. 560 млн. теңге.

Жыл қорытындысымен жоспарға сәйкес ауданда 15 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. Бұл сала бойынша Түлкібас ауданы облыста 1-орында тұр. Бүгінгі таңда ауданда 32 кәсіпорын жұмыс істейді. Атап айтсақ, кен өңдеу өнеркәсіп орны кәсібін дөңгелетіп, тамақ өнеркәсібі бағыты дами түсті. Және бірқатар кәсіпорын құрылыс материалдарын өндірумен айналысады.

Сондай-ақ, аудан ауылшаруашылығы саласы бойынша да белсенді. Ауданда шаруалар бір жерден екі өнім алуға қызығушылық танытып, қолға алуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, бүгінде аудан бойынша 4000-нан аса шаруа қожалық бар. Олардың барлығы да ел игілігі жолында қызмет етіп келеді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.