Өткен аптада Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысу үшін арнайы ат басын бұрған болатынбыз. Орталық директорының орынбасары Айжан Сүйіндікқызы өзі қарсы алып, мекеменің жұмысымен жан-жақты таныстырды.
Мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерін көрсететін орталық Түркістан қаласы әкімдігінің №2224 қаулысымен 2021 жылдың 13 желтоқсанында құрылған екен. Оның құрамында бүгінгі таңда үш бөлімше қызмет атқарып жатыр. Нақтырақ айтсақ, әдепкісі – «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу көмек» бөлімшесі. Мұнда өмірлік қиын жағдайларға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіліп жатқан азаматтарға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Кейінгісі – «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі. Онда жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және зейнет жасындағы азаматтарға қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын арттыруға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Ал үшіншісі – «TEN QOGAM» бөлімшесі. Бөлімше жеке тәсілді енгізу және қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.
Әлеуметтік қызметтер орталығында жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға:
- Дәрігерлік кеңес;
- Психологиялық кеңес;
- Еңбек терапиясы;
- «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану бойынша компьютерлік сауаттылық курстары;
- Емдік және дене шынықтыру (ЛФК);
- Спорттық және сауықтыру шаралары (бильярд, шахматы, тенис т.б);
- Музыкатерапия;
- Бизнес-тренинг;
- Мәдени демалыс шаралары;
- Еңбек әлеуетін дамыту тақырыбында тематикалық курстар ұйымдастырылатынын аңғардық.
Мекеме Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» стандартына сәйкес 8 түрлі арнаулы әлемметтік қызмет көрсетеді.
- Әлеуметтік-медициналық қызмет
— Дәрігерлік кеңес;
— Физиотерапия;
— Адамның өз психикасын және дененің физиологиялық процестерін бақылау жаттығулары;
— Массаж;
— Фитобар;
— Емдік және дене шынықтыру (ЛФК);
— Би үйірмесі;
— Йога;
— Айкуне гимнастикасы (адам омыртқасына Шығыс медицинасы бойынша емдік денешынықтыру);
— Скандинавиялық серуендеу (жүрек-тамыр жүйесін нығайтудың, бұлшықеттердің тонусының және күш пен қуат алудың тамаша тәсілі).
— Ерекшелігі, 1 сеансы 10 классикалық массажға тең жаңа инновациялық биоэнергетикалық массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем ұсынылады. Биоэнергетикалық массаж аппарат (БЭМ) бір мезетте ауру нүктесін анықтап, иглотерапия, физиоемдеу, лимфодренаж классикалық, гуаша, «баночный» және «акапунктурный» массаждарды жасайды.
БЭМ аппараты тірек-қимыл аппараттары, бел-омыртқа аурулары, грыжа, инсульт әсерлері мен остеохандроз, плексид және жүйке жүйесін емдеуде өте жақсы нәтижелер беруде.
- Әлеуметтік-психологиялық қызмет
— Психолог маман кеңесі.
— Жеке тұлғаның ең алдымен өзін, қоршаған қоғамды, дүниені дұрыс сезініп, бағалай білуін, сол арқылы туындаған мәселелерді оңай шешу жолдарын қарастыратын психосессия және осыған ұқсас тренингтер.
- Әлеуметтік-экономикалық қызмет
— Мәселені шешуге дұрыс көзқарас орнату және дұрыс мінез-құлықтарды қайталау арқылы қажетті дағдаларды қалыптастыру бойынша бизнес-тренинг;
— Тақырыптық курстар;
— Тиісті жәрдемақы, өтемақы, алимент және басқа төлемдерді алуға көмек беру, сүйемелдеу.
- Әлеуметтік-ағартушылық қызмет
— «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану және компьютерлік сауаттылық курстары;
— Араб тілі;
— Брайльмен жазуды үйрену;
— Менталдық арифметика.
- Әлеуметтік еңбек қызметі
— Еңбек терапиясы;
— Мүгедектерге кәсіптік бағдар беру
- Әлеуметтік-мәдени демалыс қызметі
— Мерекелік іс-шаралар;
— Музыка терапиясы;
— Саяхаттау (Тарихи-мәдени орындарға экскурсия);
— Спорттық-сауықтыру шаралары (бильярд, шахматы, теннис, т.б).
- Әлеуметтік-құқықтық қызмет
— ҚР заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру мен көмекке байланысты мәселелер бойынша заңгерлік кеңес беріледі.
- Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет
— Еңбек дағдылыарын қалыптастыру және қоғамдық жұмыстарға тарту.
«Аталған қызметтер орталықтың тұтынушыларына тегін ұсынылады. Арнайы әлеуметтік қызметтерді топ қалыптастырып әр топтың қатысу мерзімі санаттарына қарай 2-6 ай көлемінде көрсетілетін болады. www.Instagram.com және www.facebook.com әлеуметтік желілерде aleumettik_kyzmet Түркістан қалалық «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ парақшасынан атқарылып жатқан жұмыстармен танысуға болады» — дейді Айжан Сүйіндікқызы.
Жалпы, әлеуметтік қызмет көрсету деген ұғымды қалай түсінеміз? Ол — бір өзі еңсере алмайтын, қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір түрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т. б.) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі.
Әлеуметтік қызмет көрсету процесі халыққа барынша ыңғайлы әрі оңай болуы үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер порталын 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосты.
Әлеуметтік қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.
Портал 6-дан (инватакси қызметтерінен басқа) 5-үдерісті цифрлауды көздейді, бұл:
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
- техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету;
- ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету;
- жеке көмекшінің қызметін көрсету;
- санаторий-курорттық емдеу қызметтерін көрсету.
Әлеуметтік қызметтер порталы Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде әзірленді. Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдар Портал арқылы 55 техникалық оңалту құралдарының (ТОҚ) 24 түрін және мемлекеттік мекемелердің арнаулы әлеуметтік қызметтеріне тапсырыс бере алады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызметтері және санаторлық-курорттық емдеу жатады.
Портал енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттырып, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Порталда ұсынылған техникалық оңалту құралдарының 24 түрінің тізімі төмендегідей:
- Жейде киюге арналған құрылғы.
- Колготкилерді киюге арналған құрылғы.
- Шұлықты киюге арналған құрылғы.
- Түймелерді түймелеуге арналған құрылғы (ілгек).
- Әмбебап ұстағыш.
- Ыдысты ұстағыш.
- Қақпақтарды ашуға арналған қармауыш.
- Кілттерді ұстағыш.
- Кохлеарлы импланттарға арналған сөйлеу процессорлары.
- Дауыс құрушы аппарат.
- Сөз шығаратын термометр.
- Сөз шығаратын тонометр.
- Сөз шығаратын тест-жолақтары бар глюкометр.
- Брайль шрифті бойынша сөйлейтін оқулық.
- Брайль бойынша жиналмалы әліппе.
- Жіпқозғалтқыш, көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған тігін ине.
- Сіңіретін ақжаймалар (жаялықтар).
- Стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған герметик пастасы.
- Қорғаныс кремі.
- Сіңіргіш ұнтағы.
- Иіс бейтараптандырғыш.
- Теріге арналған тазартқыш.
- Дәретхана бөлмелеріне арналған тіреуіш қайырмалы тұтқалар.
- Ванна бөлмелеріне арналған тұтқалар.
Өнім берушілерді порталда тіркеу тәртібі мынадай:
Өнім берушіні әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуді заңды тұлғалар бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке тұлғалар жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) куәландырумен жүргізеді.
Өнім беруші тіркеуді еркін негізде Порталда электрондық түрде http://aleumet.egov.kz/ сілтеме бойынша жүргізеді.
Порталда келесі өнім беруші тіркеле алады:
- Салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ.
- Банкроттық не тарату рәсіміне жатпайды.
- Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген.
- Міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар.
- Медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар.
- Тауарларды және көрсетілетін қызметтерді өткізу үшін бағаны табыстаған өнім берушілер тіркеледі.
Өнім беруші Порталда тіркеуден келесі жағдайларда алынады:
- Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген.
- Қызметі тоқтатылған немесе қайтыс болған.
- Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу.
- Портал арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау.
Әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс істеу жөніндегі пайдаланушылардың нұсқауларын сіз https://aleumet.egov.kz/ru/support сілтеме арқылы таба аласыз.
Қызмет алушылар порталды өз бетінше немесе Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.
Порталды енгізу ұсынылатын техникалық оңалту құралдары мен қызметтердің сапасын жақсартуға, оларды алудың мерзімдері мен атаулылығын қысқартуға, техникалық оңалту құралдары мен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінде көрсетілетін қызметті алушылар мен жеткізушілерге арналған порталды пайдалану бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтар әзірленген, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері үшін оқыту тренингтері өткізіліп келеді.
«Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану сұрақтарына тиісті Әлеуметтік-еңбек саласы бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1411 нөміріне хабарласыңыз» — дейді Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жауапты мамандары.
Әлеуметтік қызмет демекші, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мүгедектерге дұрыс қызмет көрсетпейтін жауапсыз кәсіпкерлерді сынға алды. Техникалық құралдар мен оңалту қызметін дұрыс көрсетпейтіндерді әлеуметтік қызметтер порталынан шығару қажет. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жергілікті атқарушы органдардың алдына осындай міндет қойды. Әкімдіктер оны 2023 жылға дейін шешуі керек.
Министр мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Жыл басынан бері еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында 967 тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша 4 143 заңбұзушылық анықталды. «Бұл бұзушылықтардың көпшілігі бейімделген объектілерді бақылаудан кейінгі тексеру нәтижесінде анықталды. Жергілікті атқарушы органдар бір нәрсені мәлімдейді, ал іс жүзінде басқа болып шығады. Сіздер бұл мәселеге нақты көзқараспен қарауыңыз керек. Мысалы, егер мектепте ерекше қажеттілігі бар оқушы болмаса, қазір бейімдеудің қажеті жоқ. Сіздер мүгедектігі бар адамдар үнемі баратын объектілердің, яғни емханалардың, дәріханалардың, ХҚО-лардың және басқа да мекемелердің толық бейімделуін қамтамасыз етулеріңіз керек. Сондықтан жоспарларыңызды қайта қарап, қажет болған жағдайда объектілерді бейімдеу керек», – деді Тамара Дүйсенова.
Еңбекминінің басшысы 2023 жылдан бастап екі пилоттық жобаны іске асыруды ұсынды. Біріншісі, әрбір өңірде мүгедектігі бар адамдардың тұруына тікелей жақын жерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сыйымдылығы аз бір үй ашу. Екіншіден, әрбір өңірде мүгедектігі бар балаларға арналған қымбат тұратын оңалтудың техникалық құралдарын беру жөніндегі орталық «ОТҚ паркі» құрылсын. ОТҚ сатып алу «Қазақстан халқына» қорының қолдуымен болады деп жобаланған.
Министр сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталының жұмысын жетілдіру міндетін қойды.
«Жұмыс сапарымен Қазақстанның түрлі өңірлерінде болдым. Барлық жерде мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілетін оңалту қызметтері және ОТҚ сапасы мәселесін көтереді. Жергілікті атқарушы органдар жыл соңына дейін азаматтардың бүкіл шағымдарын талдап, биыл сапасыз тауарлар мен қызметтерді ұсынғандарды келесі жылы порталдан шығару үшін бізге тиісті хаттар жіберуі керек. Ашығын айтқанда, нашар жеткізушілер порталда болмауы тиіс», – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Түркістан қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттырады
Орталықтың жұмысына тереңірек тоқталған директордың орынбасарының сөзіне сүйенсек, бүгінгі таңда «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің ғимараты концепцияға сәйкестендіру үшін ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Дегенмен тиісті іс-шаралар меморандум негізінде Түркістан қаласының аталған мақсатта жабдықталған ұйымдарында ұйымдастырылып, өткізілуде екен. Атап айтқанда, орталықтың «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі зейнет жасындағы азаматтарға көрсетілетін қызмет түрлерін халықты хабардар ету үшін жарнамалық бейнеролик жасалып, әлеуметтік желілерде жариялануда. Ақсақалдар кеңесі мүшелерімен «Қош келдің, Наурыз» іс-шарасы барысында және арнайы презентациялық шаралар ұйымдастырылып, көрсетілетін қызметтер мен бірлесіп атқаратын жұмыстар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліпті.
Орталықтың қызметін алуға өтініш білдірген азаматтардан 2 топ (40 адам) құрылып, өзге ғимараттарды жалға алып, бильярд, шахмат ойындары өтуде екен. Демеушілер қолдауымен 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай спорт түрі — бильярд, шахматтан зейнеткерлер арасында «Шапағат» спорттық және сауықтыру шаралары өткізіліпті.
Мәдени демалысты ұйымдастыру бағытында тарихи-мәдени орталығындағы «Ұлы дала елі» орталығындағы мұражайы, «Vizit centre» туристік орталығы және «Бірінші Президент» саябағына экскурсия ұйымдастырылған.
Алдағы уақытта «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану бойынша компьютерлік сауаттылық курстары мен қазақша гимнастика «Айкуне» және еңбек терапиясы курстарын өткізу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Айжан Сүйіндікқызы өз кезегінде биыл қазан айының 1-інде тұсауы кесілген «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі туралы кеңірек тоқталды. Осы тұста ескерер жайт, бұл орталық — Түркістан облысы бойынша қариялардың өмір жасын ұзарту мақсатында жұмыс істейтін 10-шы нысан. «Орталықтың ашылуына қатысқан қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қарияларға жүрекжарды лебізін білдірді. «Бүгінгі бейбіт күніміз — Сіздердің кешегі еңбектеріңіздің жемісі. Баршаңыз кейінгі ұрпаққа жайлы орта үшін тер төктіңіздер, енді біз Сіздерге қызмет етеміз. Мен мүмкіндігінше жиі келіп, өздеріңіздің жағдайларыңызды біліп тұрамын», — деді шаһар басшысы. Мереке күнгі тартуға риза болған қариялар игі іске ұйытқы болған азаматтарға ақ батасын беріп, ізгі тілектерін арнады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 ақпандағы «Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №47 бұйрығына сәйкес өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарын ашу тапсырылған болатын. «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мақсаты — зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау. Өзіне-өзі қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға медициналық, психологиялық, тұрмыстық, құқықтық қызметтерін және бос уақытты пайдалы өткізудің кешенін ұсыну, олардың белсенді өмір сүру салтын сақтау және дамыту көзделген. Түркістан қаласында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығын» ашу мақсатында қала әкімдігінің мемлекеттік меншігіндегі ғимараты белгіленіп (Түркістан қаласы, Мұсабеков көшесі, №2 а), жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың жалпы алаңы 728 шаршы метрді құрайды. 2022 жылға Түркістан қаласының бюджетінен орталықты ұстау және қызметтерді көрсетуге 166,3 миллион теңге бөлінді (жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық базасы, жалақы қоры), 19 штаттық бірлік құрылды. Бүгінгі таңға Түркістан қаласында 14 915 зейнеткер тұрады. Орталықта күнделікті 70 зейнеткер тиісті қызметтерін, бір айда 150-200 адам қызметтермен қамтылады. Бір жылда 2500 ардагерді қызметтермен қамтуға мүмкіндік береді немесе оның үлесі қалада тұратын зейнеткерлер санының 16 пайызын құрайды» — дейді «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.
Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 2021 жылғы ақпанда бекіткен болатын. Ол егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, халықтың салауатты өмір сүру ұзақтығын арттыру, қарт адамдардың әлеуметтік және психологиялық әл-ауқатын жақсарту, егде жастағы адамдардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін іс-шараларды көздейді. Осы жоспарды іске асыру үшін үлкен жастағы адамдардың жағдайын жақсарту мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Қазақстанда 65 жастан асқан шамамен 1,5 миллион адам немесе бүкіл халықтың 7,8% тұрады. Бұл көрсеткіш соңғы 6 жылда 1% өсті (2015 жылы 6,8%).
Мұндай орталықтардың ашылуы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Белсенді ұзақ өмір» Ұлттық жоспарында көзделген. Қазіргі уақытта құжат жобасы орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер деңгейінде, сондай-ақ онлайн режімде «Ашық НҚА» порталында талқылануда, онда әрбір тілек білдіруші өз ұсыныстарын бере алады.
Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар ағылшын тілін үйреніп, компьютерлік сауаттылық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т.б. айналыса алатын бос уақытын өткізу мекемесі. Нәтижесінде, егде жастағы қазақстандықтар қоғамға белсенді түрде араласып, олардың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда.
Алматы қаласы «Белсенді ұзақ өмір» орталығы іске қосылған Қазақстандағы алғашқы өңір болды. Ол 2018 жылы маусым айында ашылды. Орталық 75 адамға есептелген, бірақ сұранысқа байланысты күн сайын оған 350-ге жуық адам қатысты. 2019 жылдың соңына қарай қаланың барлық аудандарында дәл сондай 7 мекеме іске қосылды. Бағдарлама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарының тұжырымдамасын ескере отырып әзірленді. Қартаю мәселелері жөніндегі сарапшылар бүкіл ел бойынша белсенді ұзақ өмір орталықтарының көп болуын барынша қажетті және уақтылы шара деп атайды.
«Біздің ұйымымыздың басты міндеттерінің бірі – аға буынның саламатты өмір салтын қолдау болып табылады. Барлық өңірлерде Белсенді ұзақ өмір орталықтарының ашылғанына өте қуаныштымын. Өйткені БҰҰ есептеулері бойынша 50 жылдан кейін планетаның әрбір алтыншы тұрғыны егде жастағы адам болады. Сондықтан қазірден бастап қарт адамдарға сапалы, әр түрлі және белсенді өмір сүруді қамтамасыз ету бойынша жұмысты бастау аса маңызды», — деді Айжан Сүйіндікқызы.
Айта кету керек, соңғы 5 жылда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2 есеге артты. Нәтижесінде, халықаралық стандарттарға сәйкес, Қазақстан 2017 жылы халқы есейген елдер тобына кірді.
2021 жылы Қазақстанның түрлі өңірлерінде жұмыс істейтін 30 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қарт азаматтарға 40 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетіліпті. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «Бір терезе» қағидаты бойынша үш бағыт бойынша жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және жұртшылықпен байланыс. Орталықтардың қызметі қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған: өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруге пассивті өмір сүру менталдылығын өзгерту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру (йога, скандинавиялық жүріс, IT-сауаттылығын арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.).
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 2021 жылы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары бойынша жобаларды іске асыруға 738 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды, 30 орталыққа 385 қызметкер жұмылдырылды, 40 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетілді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта республика бойынша еліміздің барлық өңірлерінде белсенді ұзақ өмір сүрудің 50-ден астам орталығы жұмыс істейді. Олар коммуналдық мемлекеттік мекемелер ретінде де, үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру есебінен де ашылып жатыр.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, бүгінгі күні орталықта қызметкерлердің жалпы саны 490 адамнан асады, 2022 жылы жергілікті бюджеттерден Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жобаларын іске асыруға 1,6 миллиард теңге бөлінді.
Бұл ретте мемлекет аға буын өкілдерін әлеуметтік қорғау, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдап отырғандығын да атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып индекстеледі. Мұндай ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратты. Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мөлшері 5%-ға, ынтымақты зейнетақы 7%-ға ұлғайды. 2022 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы мөлшері қосымша 4% индекстелген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда зейнетақылардың 9-11%-ға өсуін қамтамасыз етті.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақымен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шараларды атап өтті. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% – ынан 70%-на дейін, ал ең жоғары мөлшері 100%-ынан 120%-на дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады.
Бұдан басқа 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру жоспарлануда. Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарт адамдарды қолдау, олардың әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, қоғамдық өмірге тарту бойынша шараларды іске асыруда.
Республикада 51 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, белсенді жұмыс істеуде. Орталықтардың жұмыс істеуіне жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2022 жылы 2,4 миллиард теңгеден асты.
Жалпы, ағымдағы жылдың ішінде жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қарт азаматтарды әлеуметтік қолдауға 4,7 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталды (оның ішінде жергілікті бюджеттерден – 4,2 миллиард теңге, тартылған қаражат есебінен – 0,5 миллиард теңге), оның ішінде:
— біржолғы материалдық көмекке – 1 635,3 миллион теңге (шамамен
188,4 мың адам);
— азық-түлік жиынтығын ұсынуға – 410,8 миллион теңге (45,4 мың адам);
— жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге – 16,2 миллион теңге (5,0 мың адам);
— тіс протездеуге – 194,2 миллион теңге (3,7 мың адам);
— санаторлық-курорттық емдеуді ұсынуға – 888,2 миллион теңге
(8,3 мың адам);
— тұрғын үйді жөндеуге – 6,4 миллион теңге (307 адам);
— отынмен қамтамасыз етуге – 67,5 миллион теңге (2,3 мың адам);
– жалпы пайдаланудағы көлікте жеңілдікпен жол жүруді ұсынуға – 1 миллиард 177,2 миллион теңге (130,6 мың адам);
– көмектің басқа түрлеріне – 329,3 миллион теңге (31,3 мың адам).
«Ten qogam» бөлімшесі Түркістан қаласындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатарынан еңбек әлеуеті бар азаматтарды анықтап, оларға орталықтың ұсынатын қызмет түрлерін таныстырады
Ал «Ten qogam» бөлімшесі қаладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатарынан еңбек әлеуеті бар азаматтарды анықтап, оларға орталықтың ұсынатын қызмет түрлерімен таныстыру жұмыстарын атқаруда екен.
«Бүгінгі таңда ұсынылатын қызмет түрлерін пайдалануға 90 азамат ниет білдіріп отыр. Олардың қатарында:
— мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамтылу мәселесімен — 11 азамат;
— жеке ісін ашуға қолдау көрсету сұрап, өтінішпен жүгінген — 35 азамат;
— құқықтық кеңес алып, заңдылық тұрғыдан көмек сұрап келген – 5 азамат;
Оларға психологиялық көмек көрсетіліп, жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру барысында жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс орындарын құру бағытында келіссөздер жасалуда.
Өз ісін ашуды көздеген азаматтарға бизнес тренер және еңбек терапиясы курстары ұйымдастырылуда» — дейді орталық басшысының орынбасары Айжан Сүйіндікқызы.
Осы ретте мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік көмек хақында жан-жақты деректер мен дәйектерді қалың оқырман назарына ұсына кеткенді жөн көріп отырмыз.
Мүгедек – бұл өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.
Қазастан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Мүгедектің мынадай құқықтары бар:
- әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу
- әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу
- ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу
- білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу
- кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу
- Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу
- Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі
- Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау.
Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:
- Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер
- Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер
- Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері және өзге де ұйымдармен.
Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету
Жергілікті атқарушы органдар:
- Есепке алып, баспанасыз мүгедектерге үй береді
- Мүгедектер мен отбасылық құрамында мүгедек бер жанұяға баспана кеңістігі жабдықтары мен арнайы құралдар мен жабдықтармен қамтамасыз етеді
Мүгедектерді жұмыспен қамту
Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолмен қамтамасыз етеді:
- қызмет орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орындарынан квота бекіту
- жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру
- арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру
- мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн аптасына отыз алты сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi, ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiледi. Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедектік келісімімен, егер оның денсаулығына мұндай режим тйым салынбаса жіберіледі.
Еңбек келісімшартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек мүгедектің келісімен жүзеге асуы тиіс, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайша келсе жоғарыда аталған шаралар керісінше іске асады.
Мүгедектерді жұмыспен қамту
Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстарда, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын есепке алмай мүгедектер үшін жұмыс орындары санынан 2-4 пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілейді; жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құруда; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құруда; мүгедектерді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады.
Заңнамада еңбек қатынастарына қатысты мүгедектер құқығына кепілдік берілген. Еңбек келісім-шартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру мүгедектің келісімісіз жүзеге аспауы тиістігі көзделген, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайшы келсе жоғарыда аталған шараларды іске асыруға рұқсат етіледі.
Мүгедектік топты белгілеу критерийлері
Бірінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері болып, ағза функцияларының тұрақты маңызды түрде бұзылуы немесе бұзылғанының анық көрінуі болып саналады. Топқа жататындығын белгілеу мүгедектердің сырқаттануының арқасында, алған жарақаттарының барысында өмірлік қызмет дәрежелері немесе олардың тіркестерінің шектелуі, бірден көрінуіне әкеп соғатын төмендегі көрсетілген ақаулықтарға байланысты жүзеге асады.
Үшінші дәрежедегі өзін-өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; үшінші дәрежедегі қозғалуға мүмкіндігі; үшінші дәрежелі еңбек қызметіне қабілеті (еңбек қабілеті); үшінші дәрежедегі тұспалға мүмкіндігі; үшінші дәрежедегі қарым-қатынасқа мүмкіндігі; үшінші дәрежедегі өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкіндігі.
Екінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері болып ағза функцияларының тұрақты түрде бұзылуы, сырқаттануының арқасында, алған жарақаттарының барысында өмірлік қызмет дәрежелері немесе олардың тіркестерінің шектелуі, бірден көрінуіне әкеп соғатын төмендегі көрсетілген ақаулықтарға байланысты табылады.
Екінші дәрежедегі өзін-өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; екінші дәрежедегі қозғалуға мүмкіндігі; үшінші, екінші дәрежедегі еңбекке қабілеттігі (еңбекке қабілеттігі); үшінші, екінші дәрежедегі оқуға мүмкіндігі; екінші дәрежедегі қарым-қатынасқа мүмкіндігі; екінші дәрежедегі өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкіндігі.
Үшінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері болып ағза функциялары бұзылуының баяу байқалуы, сырқаттануының арқасында, алған жарақаттарының барысында өмірлік қызмет дәрежелері немесе олардың тіркестерінің шектелуі, баяу байқалуына әкеп соғатын төмендегі көрсетілген ақаулықтарға байланысты табылады.
Бірінші дәрежедегі өзін-өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; бірінші дәрежедегі қозғалуға мүмкіндігі; үшінші, екінші дәрежедегі еңбекке қабілеттігі (еңбекке қабілеттігі); бірінші дәрежедегі оқуға мүмкіндігі; бірінші дәрежедегі қарым-қатынасқа мүмкіндігі; бірінші дәрежедегі өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкіндігі.
Мүгедектерді жұмыспен қамту
Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімшілік) жұмыс орындарының жалпы санына байланысты 2-4 пайыздық көлемде квота бөледі; жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын бөледі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын анықтап, мүгедектерге кәсіби білім беру қарастырылған.
Еңбек қарым-қатынасы тұрғысынан мүгедектердің хұқықтары заңмен негізделген. Еңбек келісімшартынан бас тарту, басқа қызметке ауысу мүгедектердің өз келсімінсіз жүзеге аспайды, керсініше жағдайда, егер мүгедектің денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық танытатын болса, жұмыстан босатылады.
Білім саласындағы мүгедектерге берілетін жеңілдіктер
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған.
Жоғары оқу орындарында, мемлекеттік тапсырыс пен мемлекеттік грант бойынша оқып жатқан мүгедектерге стипендиялық қамтамасыз етуде жеңілдіктер беріледі.
Мүгедектерді сауықтыру түрлері
Жүргізілетін медициналық оңалту мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенін көздейді.
Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту мүгедектердiң шектеулi тiршілiк әрекетiн жеңуi үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және қоршаған ортаға бейiмделуiне бағытталған. Ол мүгедектердi жеке басының гигиенасы, өзiне өзi қызмет көрсету, жүрiп-тұру, қарым-қатынас сияқты негiзгi әлеуметтiк дағдыларға үйрету; мүгедектердi техникалық көмекшi (қалпына келтiру) және арнайы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету; мүгедектерге үйде, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектері үшін медициналық жеке көмекші, естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтiк қызметін көрсету – жылына алпыс сағат; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық көмек көрсетiлуiн қамтамасыз ету; мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге де түрлерiн қамтиды.
Мүгедектер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оңалту құралдары мен қызметтерін беруге өтініші негізінде протез-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, арнайы жүрiп-тұру құралдарымен, санаторлық-курорттық еммен және басқа да әлеуметтік оңалту құралдырмен ОЖБ сәйкес қамтамасыз етіледі.
Бөгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін Республикада медициналық-әлеуметтік мекемелер, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері желісі ұсынады. Интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектерге күтім, тамақтандыру, әлеуметтік-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік бейімдеу, еңбекпен оңалту, оқыту ұсынылады.
Республикада қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің 12 аумақтық орталық жұмыс істейді, олардың функцияларына көрсетілген азаматтардың санаттарына әлеуметтік қызметтер көрсету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі іс-шаралар жүргізу, мүгедек-балалардың оқыту бағдарламаларын игеруіне жағдайлар жасау (әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету кезінде), қолайлы моральдік-психологиялық климат жасау, қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, Ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету кіреді.
ҰОС мүгедектері мен қатысушылар болып қандай тұлғалар қабылданады?
Соғыс ардагері болып бірінші дүниежүзілік соғыс, азаматтық және ҰОС-да әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде әскери қызметте болған, сонымен қатар бұрынғы Кеңес Одағын қорғауға қатысқан ҰОС мен азаматттық соғыс партизандары, астыртын жұмыс істеушілері есептеледі.
Мүгедектер болып бірінші дүниежүзілік, азаматтық және ҰОС-ның әскери флоттарында, әскери-теңіз флоттары мен әуежайларында, темір жолдарда әскери қызметтен өткен кезде жарақат, контузия, мертігу салдарынан мүгедек болғандар саналады.
ҰОС мүгедегі, қатысушысы мен соларға теңестірілген тұлғалар дәрежесін алуға қажетті құжаттар:
Қатысушының, мүгедектердің соларға теңестірілген жеңілдікке жатқызылатындар дәрежесі ҰОС жылдарында әскерде болғанда, Чернобыль апатының жабылуында, бұрынғы кеңестер Одағын қорғауда берілген әскери билеттің анықтамасы негізінде, сонымен қатар ядролық сынақтар өткізуде жарақат алу салдарынан мүгедек болғандығы туралы анықтамамен анықталады.
Осы құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі соғысқа қатысқандығы туралы куәлік береді, ал соғыс мүгедегі куәлігі – Қазақстан Республикасы тұрғындарын әлеуметтік қорғау органдарымен беріледі. Соларға теңестірілген жеңілдікке жатқызылатын тұлғалардың зейнеткерлік құжатына белгі соғылады.
Тұрғын үй, коммуналдық төлемдер, отын, телефон, дәрі-дәрмек, қоғамдық көліктерде жүру төлемдеріне арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) бөлінеді.
АМЖ алу үшін қажетті құжаттар:
- Өтініш;
- Жеке басының куәлігі;
- АМЖ алу құқығын білдіретін құжаттар.
«Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу» бөлімшесі жыл басынан 43 отбасы немесе 124 азаматқа әлеуметтік арнайы қызметтер көрсетіп келеді
Өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтарға «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу» бөлімшесі жыл басынан 43 отбасы немесе 124 азаматқа әлеуметтік арнайы қызметтер көрсетіп келеді. Олардың қатарында 57 кәмелет жасындағы жасөспірім, 11 қарт адам бар.
Әлеуметтік қызметтерді кешенді түрде ұйымдастыру бағытында ведомствоаралық меморандум түзіліп, қызметтерді сапалы көрсету мақсатында Түркістан қаласындағы сектор алқаптарының басшылары, ақсақалдар кеңесінің өкілдері және ведомствоаралық ұйымдары (білім, денсаулық, жұмыспен қамту орталығы және т.б) өкілердің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізіліп, бірлескен іс-әрекеттердің амалдары келісілді. Әрбір отбасы терең зерттеліп, бірінші кезекте демеушілерді тарта отырып азық-түлік пакетімен қамтамасыз етілуде. Әрі қарай отбасының өзекті мәселесі нақтыланып, кешенді әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектер көрсетіліп келеді. Атап айтқанда:
— 20 адамға құқықтық көмек және олардың мәселелері бойынша ішкі істер басқармасымен бірлесе жұмыстар атқарылуда;
— 39 адамға психологиялық диагностика;
— 22 адамға медициналық көмек;
— 8 адам дағдарыс орталығына орналастырылды;
— 25 адамның жұмыспен қамту жөнінде мәселесімен айналысуда.
Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының демеушілігімен Түркістан қаласындағы аз қамтылған, өмірлік қиын жағдайға тап болған, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген қыз-келіншектерге ауызашар іс-шарасы өткізілді» — деп, директордың орынбасары бізді біраз ақпаратқа қанықтырды.
Қызмет алушылар санатын ескере отырып, орталықтың қызмет сапасы мен қызметкерлердің қарым-қатынасы және деңгейін арттыру мақсатында қызметкерлер арасында психологиялық тренингтер өткізіліп тұратыны да бұл орталықтың үнемі ізденісте екенін білдірсе керек. Мекеменің тынысымен етене танысқан біз қоштасарда жұдырықтай жұмылған ұжымға сәттілік тіледік.
Т.ЕСЕНБАЙҰЛЫ.