Түркістанда Президенттік шақырымға жүгіруден жарыс өтті

1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күніне орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» ұранымен Президенттік шақырымға жүгіруден бұқаралық жарыс өтті.


«Түркістан арена» стадионынан өткен жарысқа мыңға жуық спортшы қатысты. 2,4 шақырым қашықты жүгіру нәтижесінде кентаулық Ардашер Захидинов мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті.

Екінші болып түркістандық Бағдәулет Абдурайымов келсе, үздік үштікті Кентаудан келген сайыпқыран Дадажан Суннатуллаев қортындылады.

«Бүгінгі мерекелік жарысқа ерекше шабытпен келдім. Екі жарым шақырымға жүгіру қатты қиын болмады. Ең бастысы жеңіске деген жігеріңіз алғашқы кезекте тұруы тиіс», — дейді жарыс үздігі А.Захадинов. Шара соңында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев бұқаралық жарысқа қатысқан жұртшылыққа алғыс айтты.

Сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және жарысқа белсене қатысқан бірқатар азаматты алғыс хаттармен марапаттады.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 217855 529533Hoping to go into business venture world-wide-web Indicates revealing your products or services furthermore companies not only to ladies locally, but nevertheless , to many prospective clients in which are online in most cases. e-wallet 305884

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.