Түркістанда алғаш рет мектеп мұғалімдері арасында «Шекспир оқулары» қалалық байқауы өткізілді

Түркістан қалалық білім бөлімі басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен бөлімнің жылдық жоспарына сәйкес шаһарда алғаш рет мектеп мұғалімдері арасында «Шекспир оқулары» қалалық байқауы өткізілді. Шекспир шығармаларын насихаттау арқылы рухани бірлікті нығайту, әдебиетке деген көпшіліктің ықыласын арттыру мақсатында бөлімнің ағылшын тілі пәні әдіскері Жанат Орынбайқызының ұйымдастыруымен өткен шара биыл Қ.Сәтбаев атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп базасында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Байқау барысында ағылшын тілін жете меңгерген оқушылар У.Шекспирдің шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу және сұрақ-жауап арқылы сайысқа түсті. Қ.Сәтбаев атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары «Ромео Джулетта» пьесасынан үзінді көрсетті. Байқауда өз білімділігімен, алғырлығымен көзге түскен оқушыларымыз жүлделі орындарды өзара бөлісіп, бөлімнің марапатына ие болды.

Сонымен қатар Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен бөлімінің жоспарына сәйкес Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясында «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы тарих және география пәндерін оқытуда оқушылардың креативті ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.

Тарих сабағында оқытылатын заманауи әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара концерттік бағдарламадан бастау алды. Семинардың ашылу салтанатында Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы О.Ш.Қолдасова оқушылардың креативті ойлау қабілетін арттыру барысында инновациялық технологияларды қолдана білетін ұстаздарға жылы лебізін білдірді.

Тәжірибелік семинарда күмбірлеген күйдің әуенімен ашық аспан астындағы тiрi музей көрсетiлiп, географиялық алаңға экскурсия ұйымдастырылды. Ал, практикалық бөлімінде тәжірибе алмасуға келген ұстаздар география пәнінің мұғалімі Н.Р.Шимпулатованың «Сравнительное страноведение», дүниежүзі тарихы пәнінің мұғалімі К.П.Абдухаликованың «Как обогатил мировую культуру Восточный Ренессанс?», тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Омарованың “Шоқан Уалиханов — алғашқы қазақ ғалымы”, құқық негіздері пәнінің мұғалімі М.Ж.Сыздықованың «Тұтынушылар құқығын қорғау», тарих пәнінің мұғалімі У.П.Адильбекованың «Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы», география пәнінің мұғалімі Ю.Р.Шимпулатованың «Характеристика отраслей мирового хозяства: добывающая, перерабатывающая и сфера услуг», тарих пәнінің мұғалімі О.В.Матвиенконың «Применение ИКТ на уроках историй», география пәнінің мұғалімі Д.Р.Даутованың «Активные методы обучения с пременением ИКТ на уроках географии» тақырыптарындағы сабақтарына еніп, тәжірибелі педагогтардың үлгілі сабақтарының куәсі болды.

Семинардың қорытынды бөлімінде «Қыпшақ даласының ұлы перзенті — Сұлтан Бейбарысқа 800 жыл» тақырыбында тарих қойнауынан сыр шертетін тарихи қойылым ұсынылып, калалық мектептерден келген ұстаздар тәжірибе алмасты. Түркістан қалалық білім бөлімінің әдіскері Тоғжан Шайхидинова мен мектеп-гимназия директоры Марина Тәукебаева семинарды қорытындылап, үлгілі ұстаздардың еңбектеріне жоғары бағаларын берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin