Түркістандық депутат пен профессор самбо күресінен Азия және Мұхит жағалауы елдері чемпионы атанды

Ақтау қаласында 11-16 мамыр күндері спорттық және жауынгерлік самбодан кадеттер, жасөспірімдер, жастар және шеберлер арасында Азия және Мұхит жағалауы елдері чемпионаты өтті. Алғаш рет жалауы түрілген жарысқа 25 елден 500-ге жуық спортшы келіп, бақ сынап, өзара шеберліктерін байқады. Бес күн бойы спортшылар 62 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтады.

Сары құрлық елдері арасындағы дүбірлі бәсекеден Түркістан облысының спортшылары да бос келмеді. Тартысты жекпе-жектер нәтижесінде 58 келіде өнер көрсеткен Еркебұлан Ахатов, 72 келіде Ақбота Қыдырәлі алтын медль алды. 80 келіде Ұлбосын Адилова мықтылығын дәлелдеп, алтын медаль иеленді. Кезекті жеңісіне қол жеткізген Әбдісалан Нұрмаханов атындағы облыстық ОРМБЖСМ шәкіртін білікті бапкер Мөлдір Бейсембаева баптайды.

Ал 71 келіде Нұрбек Нұрбаев пен 98 келіде Алмас Темірбай күміске қол жеткізді. Сондай-ақ 44 келіде Ақжібек Ұзақбаева, 54 келіде Гүлназ Өмірбек, 72 келіде Адина Абақова, 98 келіде Нұрхан Жамалхан қолаға қол жеткізді.

3 күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрамасының жас самбошылары 32 алтын, 23 күміс және 42 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Осындай аламанда облыс мерейін асырған самбошыларды тәжірибелі жаттықтырушылар Әбдісадық Халилаев, Қанат Арғынбаевтар жан-жақты дайындап барып, жоғары дәрежеде өнер көрсетті.

Қоса кетейік, самбо күресінің спорт шеберлері мен құрметті ардагерлерінің арасында да тартысқа толы жекпе-жектер өтті. Өз жас және өз салмақ дәрежесіне қарай Түркістан қаласынан M-1 сайысында Нышанбай Құдайбергенов (Түркістан қалалық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры) бірінші орын иеленсе, М-4 дәрежесінде Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев бірінші орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың профессоры, самбо күресінен әлемнің 5 дүркін чемпионы Әбдісадық Халилаев М-7 дәрежесі бойынша бірінші орынды иеленді.

Айта өтейік, самбо орыс тіліндегі «самозащита без оружия» – «қарусыз қорғану» деген сөзінің қысқартылған түрі. Самбоның тарихы Кеңестер Одағы тұсында 1938 жылы 16 қарашадан басталады делінеді. Сол жылы денешынықтыру саласының бүкіл одақтық комитеті самбоны бірауыздан спорттың бір түрі деп тіркеді. Самбо сөзі үш сөз тіркесінен тұрады. Талдап айтсақ, алғашқы тіркестен «сам(ооборона)», «б(ез) о(ружия)» деген сөз шығады (орыс тілінде). Бұл бір емес, жиырма елдің ұлттық спорт түрлерінің жиынтығы деген пікір бар.

Бүгінде ойын шартында қорғану мен шабуыл жасаудың мыңдаған әдісі бар. Мысалға, әзірбайжандық «гюлеше», армяндық «кохе», қазақ «күресі», молдаваша «трынте», тәжіктің «гуштингири», түркменнің «гореше», грузинше «чидаоба» және өзбекше «күреш» деген түрлері жиі қолданысқа ие. Барлығына ортақ талап — киім үлгісі мен белдегі белбеу.

Ойынның ортақ ережелерін қалыптастырған маман — Василий Сергеевич Ощепков. Ол Токио қаласындағы дзюдо орталығынан білім алған. Жиырмасыншы жылдың орта шенінде В. Ощепков Қиыр Шығыста, кейіннен Новосібір қаласында қорғану түрлеріне баулитын арнайы секция ашқан. Мәскеудегі денешынықтыру институтында сабақ беріп жүрген В. Ощепков жинақтаған тәжірибесінің арқасында И.В. Васильев, Н.М. Галковский, Р.А. Школьников, А.А. Харлампиев, Б.А. Сагателян деген атақты спортшыларды дайындады.
Самбо дәстүрін ары қалай жалғастырғандардың бірі — В.А. Спиридонов. Ол «Динамо» спорт кешенінде жұмыс істеп жүріп, алғаш рет 1928 жылы «Самозащита без оружия» деген кітап жазып шықты.
1966 жылдан бері самбо халықаралық дәрежеге қол жеткізіп, Халықаралық әуесқойлар спортшылар федерациясының (ФИЛА) тізіміне ілікті.

1972 жылы Еуропа чемпионатының тұңғыш ашық біріншілігі басталды. Сегіз салмақ категориялары бойынша алғашқы додада Кеңес Одағының спортшылары шыңды бағындырса, Жапонияның намысын қорғаған екі спортшы жақсы өнер көрсете білді. В. Кюлленен, А Хош, К. Герасимов, В. Невзоров, А. Федоров, Ч. Езерскас, Н. Нисинаки, Н. Сато, С. Новиков, В. Кузнецов Еуропаның алғашқы Еуропа чемпиондары атанды.
1973 жылы Иранның Тегеран қаласында I әлем чемпионаты өтті. КСРО құрамасы онда 9 алтын мен 1 күміс жүлдені қанжығаларына байлады. Онда Г. Георгадзе, А. Шор, М. Юнак, Ш. Чанрав (Моңғолия), Д. Рудман, А. Федоров, Ч. Езерскас, Л. Тедиашвили, Н. Данилов, В. Кливоденко чемпион атанды.
1985 жылы Испанияның Бильбао қаласында өткен конгресте самбодан халықаралық әуесқойлар федерациясы (ФИАС) ресми түрде тіркелді. Бүгінде ФИАС-қа әлемнің 40 мемлекеті мүше. Америкалық, еуропалық және азиялық федерациялар да құрылған. Жыл сайын самбодан әйелдер мен ерлер арасында, командалар арасында әр түрлі салмақта әлем чемпионаты мен әлем біріншіліктері өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, командалық әлем кубогы, Еуропа және Азия чемпионаты мен біріншілігі, студенттер арасында әлем чемпионаты тағы басқалары.
Бүгінгі таңда Халықаралық Олимпиада комитеті самбоны Олимпиада ойындары бағдарламасына бекіту туралы мәселені қарастыруда.

1938 жылы Ресей сопорттық күрес мамандарының Бүкілодақтық конференциясы өткізіліп, онда самбо күресі әдістерінің атаулары мен әдістерін топқа бөлумен қатар, алғашқы күрес ережесі бекітілді.

1966 жылы Толидо қаласында /АҚШ/ халықаралық әуесқой күрес федерациясының конгресі өткізілді. Осы конгресте самбо күресі халықаралық спорт түрі деп жарияланып, Бүкілдүниежүзілік самбо комитеті құрылды. Оған самбо күресінің дамуы мен әлем құрлықтарын насихаттау жұмыстары тапсырылды.

1972 — 1973 жылдарды Рига қаласында /Латвия/ Бірінші ашық Европа чемпионаты өткізілді.

1973 жылы Тегеранда /Иран/ Бірінші Әлем чемпионаты өткізілді.

1985 жылы Бильбарда /Испания/ Халықаралық әуесқой самбо федерациясы құрылды /ФИАС/.

1977 жылы Овьедо қаласында /Испания/ Әлем Кубогының бірінші турнирі өткізілді. Осы жарысқа Еуропа құрлығынан бұрынғы КСРО мемлекеті, Азия құрлығынан Жапон елі, Америка құрлығынан Канада, жарысты ұйымдастырушы және өткізуші Испания мемлекеті қатынасты. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды — КСРО, 2-орынды — Испания, 3-орынды — Жапония, 4-орынды Канада иеленді.

Жасөспірімдер арасындағы алғашқы біріншілік 1979 жылы Испанияның Мадрид қаласында өткізілді. Осы жарыста Моңғолияның, Болгарияның, Испанияның және Францияның жас самбошылары жақсы өнер көрсетті.

1983 жылы Мадрид қаласында әйелдер арасынан бірінші Әлем чемпионаты өткізіліп, оның қорытындысы бойынша 1-орынды Испания, 2-орынды АҚШ, 3-орынды Венесуелла, 4-орынды Норвегия, 5-орынды Франция, 6-орынды Швейцария иемденеді.

Осы алғашқы жарысқа бұрынғы КСРО елінің әйелдер командасы қатынасқан жоқ, себебі ол кезде әйелдерге самбо күресімен шұғылдануға рұқсат жоқ еді.

Алғашқы өткізінген жарыстардың қорытындысы анықталғандай, самбо күресімен шұғылданатын палуандар дзю-до палуандарынан басым екендігін көрсетті.

1963 жылы КСРО мемлекетінің самбошыларынан жасақталған дзю-до командасы Женевада өткен Европа біріншілігінде бірінші орынды жеңіп алды да, ал 1965 жылы Мадрид қаласында өткізілген дзю-до күресінен Әлем біріншілігінде Жапон командасынан кейінгі екінші орынды иеленді.

1972 жылы өткізілген Европа құрлығының ашық чемшионатына ССРО, Болгария, Англия, Югославия, Иран, Испания, Моңғолия, Жапония елдері қатынасты. Чемпиондықтарға КСРО палуандары В.Колленен, А.Хош, К.Герасимов, В.Невзоров, А.Федоров, Ч.Езерская, С.Новиков, В.Кузнецовтар көтерілді.

Жеңімпаздар қатарына жапондық Н.Нисинаіси және Н.Сато енді. Командалық орындар былайша анықталды: КСРО – 1-орын, Жапония — 2, Моңғолия — 3, Болгария — 4, Испания — 5, Англия — 6, Иран — 7, Югославия — 8.

Қазіргі кезеңде самбо күресі көптеген елге таралған. Оның күрес әдістері қарулы күштердің әскер даярлығында да кеңінен қолданылады.

Самбо күресі Қазақстаңда 1950-60 жылдардан бастап дами бастады. Аз уақыттың ішінде самбо күресінен Қазақстан палуандары жақсы көрсеткіштерге жете бастады.

Қазақ елінен самбо күресі бойынша шыққан тұңғыш Әлем чемпионы жаңаарқалық Қанат Байшолақов. Ол 1984 жылы Мадрид қаласында 48 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атанса, Асқар Шайхиев 48 келі салмақта 1989 жылы Нью-Йорк қаласында Дүние жүзінің чемпионы, ал семейлік Бауыржан Садықанов 1993 жылы Омбыда еткен Әлем чемпионатында 52 келі салмақта жеңімпаз атанды.

Айтжан Шаңғараев 1984 жылы 48 келі салмақта Еуропа құрлығының алғашқы чемпионы болды.

Алмас Мұсабеков Еуропа чемпионы атағын 1986 жылы, ал І987 жылы Қанат Байшолақов жеңіп алды.

Қанат Байшолақов пен Алмас Мұсабеков 1982 жылғы өткен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегерлері болып оралды.

1987 жылы Талғат Байшолақов Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері болды.

1994 жылы Ғалымжан Сапарғалиев, Сәлкен Жартыбаев, Әлисұлтан Валабуев Еуропаның ашық чемпионатында қола жүлдегерлер атанды.

Айтжан Шаңғараев пен Алмас Мұсабеков — КСРО чемпиондары атанған тұңғыш қазақ самбошылары.

Айтжан Шаңғараев — КСРО кубогын жеңіп алған бірінші қазақ самбошысы /1983 жылы/.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Ж.Байшолақов, А.Махмутов, С.Рамазанов, Ғ.Сапарғалиев, З.Шаймерденов, С.Жартыбаев, Б.Коңырбаев, Ғ.Жылгелдиев, Р.Сейлханов, Ә.Валабуев, Б.Несіпкалиев, Б. Жетпісбаев, А.Нығметов сияқты палуандарымыз Азия чемпиондары атанды. Қазақстанда самбо күресінен әйелдер арасында жарыстар өткізіліп тұрады, біздің қыздарымыз әлемде, Еуропада, Азия құрлығында жүлделі орындарға ие болып келеді.

Самбо күресі спорттық, әскери және өзін қорғау ретінде үш түрге бөлінеді. Әскери және өзін қорғау түріне қолмен және аяқпен ұру, тұншықтыру, саусақ пен омыртқаны бұрау, бағындыру әдістері және одан  қорғану түрлері, ал спорттық түріне түрегеліп тұрып әдіс арқылы лақтыру, жатып күресу, бағындыру мен қол аяқтың буындарын ауырту әдістерін қолдану енгізілген. Самбо күресіне әдістердің 5 мыңнан асқан түрлері кіреді.

Самбо күресінде қолданылатын әдіс-айлалар төменгі күрес түрлерінен алынған:

Еркін күрес, грек-рим күресі, жапонның — дзю-до, каратэ, айкидо, сумо, қытайдың — ушу, конфу, шаолинь, корейдің — тхэквандо, серум, грузиннің — чидаоба, өзбектің — кураш, молдаванның — трынта, тәжіктің — гушти, армянның — кох, туваның — куряш, башкұрттың — гуркш, қалмақтың — ноолдап, әзірбайжанның — полеш, түркіменнің — гуреш, татардың — куряш, қазақтың — күрес, түріктің, канарлықтың, британдық, испандық, үнділік, швейцарлық, украиндық, қырғыздық, моңғолдық, адигейлік, т.б. ұлттық күрес әдістері.

Самбо күресінде қолданылатын әдістер түрегеліп тұрып хәне жатық орындалатын деп екіге бөлінеді. Бұл күреске арнаулы тігілген киім киіледі.

Түрегеліп тұрып орындалатын әдістерге негізінен тобықтан қағу, ілу, алдан және арттан шалу, арқадан асыра лақтыру, аяқтан ұстау арқылы жығу, т.б. әдістер енеді. Бұл әдістердің бір түрінің бірнеше орындалу тәсілдері және оған қарсы қолданылатын әдіс түрлері болады.

Жатып орындалатын әдістер түріне бағындыру, қол-аяқ буындарына жасалатын ауырту және аудару әдістерінің түрлері қатады. Қол-аяқ буындарына жасалатын әдістер арқылы таза жеңіске жетуге болады.

Самбо күресі өзінің әдіс қолдану түрлері жағынан әлемдегі күрес түрлерінің ішіндегі ең көбі болып саналады. Әлгінде самбо күресінің спорттық түріне қоса әскери қолданбалы түрі бар деп айтқанбыз. Бұған қолмен және аяқпен ұру, қарудан қорғану, қылмыскерді ұстау, оны алып жүру кезінде қолданылатың әдіс түрлері енеді.

Жаңадан үйренушілер тобының саны 15-20 адам, ал спорттық разрядтары бар жаттығушылар саны 10-12 болуы керек. Егер осы мөлшерден артық болған жағдайда жаттықтырушы мен үйренушінің мүмкіндіктерін толық пайдалану азаяды.

Жаттығушылар тобын іріктегенде ең алдымен туған жылдарына қарап, жас ерекшеліктерін ескеру керек, одан кейін әр жаттығушыдан дене дайындығы мен мінез-құлқының ерекшелігің ескерген жөн. Егер самбо күресімен айналыспас бұрын басқа спорт түрімен шұғылданған болса, онда ондай жаттығушылардың дене дайындығы басқаларға қарағанда жақсы болып келеді, сондықтан оларды жеке топқа бөлген дұрыс. Жаттығуды бастамас бұрын күреспен айналысқысы келгендер дәрігерлік анықтамадан өтулері қажет

Жаттығу орнына көлемі 24х18 шаршы метрден кем емес ғимарат қолайлы болып келеді, Едені ағаш тақтайдан болғаны жақсы. Қабырғаға жаттығу тренажерлары, арқан, айна, т.б. қажетті кұрал-саймандар орнатылады: Штанга, зіл тас, гантель, ауыр доп,  секіргіш жіп, салмақ өлшейтін кір, сағат, дәрігерлік дәрі-дәрмек, кварцті шам қажет. Кілем төселген жер таза әрі желдеткіші болуы тиіс, Жаттығатын жерге тек спорттық киіммен ғана кіреді.

Кілем көлемінің диаметрі 9 метр, оның сыртында I м 20 см — дек І м 50 см-ге жетерлік қауіпсіздік алаңы болады. Тоғыз метрлік диаметрдің ішкі жағы жалпақтығы; I метрлік қызыл түске боялады. Кілемнің ішкі жұмыс алаңының диаметрі 7 метр болғаны дұрыс. Қызыл түске боялған жолақтың жалпақтығы — 1 метр. Кілем ортасындағы шеңбердің диаметрі — І метр. Кілемнің қалындығы — 5 см, ол синтетикалық жұмсақ материалдан жасалады. Кілемнің үстін арнайы жамылғымен жабады.

Төреші столының сол жағындағы кілем бұрышын көк түспен, ал оң жағындағы бұрышы қызыл түспен баялады. Кілем сыртына қауіпсіздік мақсатында қосымша жұмсақ төсеніштер төселеді.

Самбошылар жаттықтырушы ұстаздың барлық нұсқауларын бұлжытпай орындауға және жаттығуға кешікпей келіп, денені қыздыру жаттығуларын орындауға міндетті. Денені алдағы тұрған жұмысқа дайындамаған жағдайда, жылдам жарақат алып қалу қаупі туады. Күрес әдісін орындауды түсіндіріп көрсету кезінде мұқият болған жөн. Ең алдымен қауіпсіздік шарттарын орындау қажет. Өзің және басқа жаттығушылар дұрыс құлай білуге жаттыққаннан кейін ғана күрес әдістерін үйренуге дағдылан. Жаттығу үстінде ұстамды болуға, қарсылас палуанды бағалап, сыйлай білуге үйренуің керек. Спортшы өзінің жеке басының және жаттығу орнының тазалығын сақтауға міндетті. Тамақтану жаттығу басталмастан кем дегенде 2 сағат бұрын аяқталуы тиіс.

Жаттығушыда самбо киімі, арнайы аяқ киім, іш киім, қысқа тігілген шалбар /трусы/, аяққа таза шұлығы, орамал, сабын болуы қажет. Палуан өзінің денесінің таза, шашының қысқа, тырнағы алынған, тісінің таза болуын қадағалайды. Жаттығушыға өзінің ішкі ой — дүниесін бақылай білуге, оны ізгі ниеттілікке бағыттай үйренуі ең қажетті қасиет.

Ақпарат көздеріне қарағанда жартығасырлық тарихы бар қазақ самбо мектебінің негізін қалаған Мәскеу мемлекеттік дене шынықтыру институтының түлегі Василий Иванұлы Воронкин болған. Ол 1953 жылы республикадағы алғашқы самбо секциясын ашады. Сол жылы Қазақстан біріншілігі де алғашқы рет өтеді. 1960 жылы күрестің бұл түрі Қазақстан X Спартакиадасы бағдарламасына енгізіледі. КСРО құрамына жолды алғашқы болып 1975 жылғы КСРО кубогінің қола жүлдегері жамбылдық Нұрбай Жармұхамедов ашады. Эстафетаны одан әрі қазақтардың алғашқылары болып әлем чемпионы және әлем кубоктораның иегерлері болған КСРО еңбек сіңірген бапкері — Марат Жахитовтың (Жамбыл) шәкірттері жалғастырады. Олар — Қанат Байшұлақов пен Талғат Байшұлақов, солармен қатар КСРО халықтары Спартакиадасының жеңіпазы — Сәлкен Жартыбаев. Жамбыл облысы, және жалпы Қазақстан самбо дамуына қомақты үлес қосқан энтузиастары, қажырлы еңбек еткен азаматтар — Марс Ұрқымбаев, Мақұлбек Байгелдиев және Алтынбек Оразбаев. Жеңіс дәйтүрін жалғастырушы қазақ самбошылары — Арман Ташметов, Бауыржан Садыханов, Асылбек Әлкей, Серік Оразханов, Медет Торғаев, т.б.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin