Түркістандық ескекшілер 33 медаль жеңіп алды

Теміртау қаласында академиялық есуден ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Дүбірлі сынға еліміздің 5 өңірінен 110 мықты спортшы қатысты. Ел чемпионатында Түркістан облысының спортшылары өте сәтті өнер көрсетіп, 33 медаль жеңіп алды.

Нақтырақ айтсақ, түркістандықтар 24 алтын, 5 күміс және 4 қола жүлде еншіледі. Осылайша, Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің өрендері сенімді ақтады.

Әртүрлі бағдарламалар бойынша чемпион атанғандар:

M1x – Яковлев Владислав

W1x, W2x, W4x – Жакупова Мелани

LM1x, M2x – Афанасьев Александр

M2-M4 – Чернухин Иван, Галкин Владислав

W2-W4 – Волкодавова Валентина,

Лебедева Мария

LM2x, LM4x – Керімбек Әділет

LW2x – Кеңес Роза

М4х – Яковлев Владислав,

Афанасьев Александр

LW4x – Кеңес Роза, Волкодавова Валентина

LW4 – Айдарова Лияра, Айдарова Айлин, Сапарқұл Еркежан

Медаль саны бойынша бірінші орынды 33 медальмен Түркістан облысының спортшылары еншілесе, екінші орынға астаналықтар тұрақтады. Үздік үштікті қарағандылықтар түйіндеді.

Спортшыларды Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Иван Лукьянов және Александр Степенко, Михаил Горбунов, Байсангур Цатышаев, Виктория Ли сынды бапкерлер даярлады.

Спорт дегеннен шығады, «Түркістанда ашық алаң ойындары басталғалы 2000-нан аса түркістандық қатысып, белсенділік танытты», — деп мәлімдейді қалалық «Мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің» басшысы Динара Джіпсібаева кезекті жарыс күнінде берген сұхбатында.

Қала әкімінің тапсырмасымен жүзеге асқан жобаның мақсаты балалардың жазғы демалысын пайдалы өткізумен қатар, тұрғындар арасындағы бұқаралық спортты дамыту, ұлттық спорттық ойындарды дәріптеу.

Мамырда айында басталған додада футбол, стритбол, белтемірге тартылу мен секіргіште секіру, сонымен қатар, халық арасында кең тараған асық ату, ләңгі тебу сынды ойын түрлерінен қаланың жас тұрғындары мен ересектер де бақ сынауда.

Кестеге сәйкес, жарыстың кезекті ойыны Шауғар мөлтекауданы Мұқағали Мақатаев көшесіндегі ашық алаңында өтті. Онда 150-ге тарта сектор тұрғыны қатысып, жүлделі болды.

Айта кетейік, жарыстың кезекті ойыны белтемірге тартылу, стритбол, асық атудан Сауран секторындағы «Отбасы саябағында» ұйымдастырылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin