Түркістандық жеті жастағы оқушы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Түркістандық Нұрислам Сұлтанхан шахматтан Албанияда өткен әлем чемпионатында үшінші орын иеленді. Бес жасынан шахматқа бейім болған жас талант – Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» спортшысы. Спортшы бұған дейін де Азия чемпионатында, елішілік бәйгелерде үздік атанған.

Түркістанның жеті жастағы өрені әлемдік бәйгеде 11 турдан 8 ұпай еншілеп, жүлделі үшінші орынды иеленді. Шахматшының бапкері – ардагер шахматшы, математика ғылымдарының кандидаты Қуанышбек Джумадуллаев, спорт нұсқаушысы – Алима Пашанова.

Айта кетейік, әлемнің 43 мемлекетінен жиналған 377 жас шахматшы қатысқан чемпионатта еліміздің намысын 22 спортшы қорғады. Олар 25-28 сәуір аралығында шахматтың рапид және блиц түрінен кіл мықтыны анықтады.

Албанияның Тирана қаласында өткен әлемдік доданың ашылуында ел президенті Байрам Бегай сөз сөйлеп, ФИДЕ президенті Александр Дворкович алғашқы жүрісті өзі жасады.

Айта өтейік, шахмат — ақыл-ой өрісті дамытатын үстел спорт ойыны. Шахмат сөзінің мағынасы парсы тілінен аударғанда патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады. Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойынның басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз сарбаз. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарына шабуылдай отырып, патшаға мат қою.

Шахматты ойыншылар тобы да, бір-біріне немесе бір ойыншыға қарсы ойнай алады; мұндай ойындар әдетте кеңес беру деп аталады. Сондай-ақ, бір мықты ойыншы бірнеше қарсыластармен (әрқайсысы бөлек тақтада) ойнайтын бір уақытта ойын сеанстарының тәжірибесі бар. Ойын белгілі бір ережелерге бағынады; ресми турнирлерде ФИДЕ ережелері қолданылады, олар тек фигуралардың қозғалысын ғана емес, сонымен қатар төрешінің құқықтарын, ойыншылардың мінез-құлық ережелерін және т.б. реттейді. Стандартты емес ережелері, фигуралары, тақта өлшемдері бар шахматтың көптеген нұсқалары бар. Шахмат композициясының тиісті бөлімі-ертегі шахматы. Математика шахмат ойынының әртүрлі аспектілерін зерттейді (мысалы, классикалық «ходе барысы туралы есеп» және «сегіз патшайым туралы есеп»), соның ішінде компьютерлік модельдеу арқылы.

Шахмат ойынының көптеген түрлері бар. Ең танымал түрі — швед шахматы. Швед шахматында төрт ойыншы ойнайды. Екі топқа, екі ойыншыдан бөлінеді. Топтағы ойыншылар қарсыласының фигурасын жеу арқылы бір-біріне фигура бере алады. Бірінші мат қойған ойыншы қарсыласына 3 жүріс береді, егер берілген жүрістің ішінде мат қоя алмаса, сол топ жеңіліске ұшырайды. Фигураны мат қою арқылы қоюға болмайды және қарсыластың 7 немесе 2 көлденеңіне пешкаларды қоюға болмайды. Пешка тақта соңына жеткенде ешқандай фигураға айнала алмайды.

1575 жылы Мадридте король Филипп II-нің хансарайында испандық Рюи Лопеса және Альфонс Серонаның италяндық Джованни Леонардо мен Паоло Бои арасындағы өткен шешуші ойын тарихта алғашқы халықаралық турнир болып саналады. Онда испандық шахматшылар жеңіске жеткен. 1836 жылы Лабурдоннеде әлем бойынша шахмат туралы «Паламед» деген журнал шығарылды. Кейіннен 1837 жылы Ұлыбританияда және 1846 жылы Германияда осы тектес журнал жарыққа шықты.

1851 жылы Лондонда тұңғыш рет халықаралық турнир өткізілді. Онда Андерсен деген шахматшының жұлдызы оңынан туып, жеңімпаз атанды. Тіпті, ол екінші халықаралық турнирді де бағындырған. 1867 жылы Парижде өткен үшін додада Колиш жеңімпаз атанды. Матчта алға шыққан Стейниц алғашқы әлем чемпионаты атанды.

Орайы келгенде назар аударар тағы бір жетістік, Түркияның Измир қаласында 22-28 сәуір күндері үлкен теннистен 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында ITF-100 халықаралық турнирі өтті. Үздік теннисшілер жиналған байрақты додада Қазақстанның жас өрені, Түркістан облысының дарынды спортшысы Заңғар Нұрланұлы бағын сынап, нәтижелі өнер көрсетті.

Талантты теннисші жұптық сында 2 орыннан көрінсе, жекелей ойында жеңімпаз атанып, ел мерейін асқақтатты. Болашағынан мол үміт күттіретін түркістандық теннисші Заңғар Нұрланұлы – облыстық «Түркістан теннис клубының» шәкірті.

Сонымен қатар Астана қаласында 2008 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа 26 команда құрамында 406 мықты спортшы қатысты. Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары 8 медаль жеңіп алды.

Дария Тоқтобаева 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Атап айтқанда, шалқалай жүзуден 200 және 100 метр қашықтықта 2 алтын еншілесе, фристайл түрінен 400 метрде алдына жан салмады. Сонымен бірге 400 және 200 метр қашықтықта кешенді үзуден 2 күміс медаль және 50 метрге шалқалай жүзуден үшінші орынға шықты. Орынбасар Әбдіқадірұлы күміске ие болса, Шыңғысхан Балабек еркін стильде қола жүлде олжалады.

Түркістан облысының үздік спортшылары аға жаттықтырушы Ж.Шалдарбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Смолеев, жоғары санатты жаттықтырушы Л.Белоустің жетекшілігімен 13-17 мамыр аралығында Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалып жатыр. Ол сында жеңіске жеткен жүзу шеберлері Париж Олимпиадасының лицензиялық турниріне жолдама алады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin