— Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы апта басында “Ұстаздар” күні қарсаңындағы іс-шаралар жайлы өңірлік коммуникация орталығында брифинг өткізді.
— Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды өңір ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтады.
— Облыс әкімі мереке қарсаңында ұлағатты ұстаздарды марапаттады. Ардагер педагогтерге де ерекше құрмет көрсетілді.
— Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен мырзамен кездесті. Кездесуде Түркістан облысы оқушыларының аэроғарыш саласындағы қызығушылығымен аймақтағы шалғай мекендердегі интернет жайы сөз болды.
— Облыстық семинар өтті. «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдістері» тақырыбындағы жиында мұғалімдер инновациялық педагогикалық тәсілдерді жетілдіруде кәсіби шебер-сағаты ұйымдастырылды.
— Жыл соңына дейін берілетін білім беру ұйымдарының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
— Алматы қаласында ЮНЕСКО аясында ұйымдастырылған «The Planet of ART – 2022» атты халықаралық фестивальға Түркістан облысының Төлеби аудандық балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Еркенұр Хасан қатысып, жеңімпаз атанды.
— «Ұлы даланың жеті қыры” облыстық фото көрмеде облыс оқушылары белсенділік танытып, марапатқа ие болды.
— Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII съезіне облыстың бас ұстазы мен бірқатар педагогтер қатысты.
— Түркістандық оқушылар “Жұлдызай-2022” ұлттық инклюзивті ойындарында топ жарды.
— Түркістанда “Қазыбек би оқулары” байқауы өтті. Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлының 355 жылдығына орай ұйымдастырылған сайыста оқушылар үш кезең бойынша бақ сынасты.
— Түркістан облысының білім беру ұйымдарындағы «Кітапханаға кітап сыйла!” айлық акциясы жалғасуда.
— ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов облыстағы ұстазды “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісімен марапаттады.
— «Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында Түркістан облысының мектептерінде “Кітап оқу байқауы” жүргізілуде.