Түркістан: Арыс қаласында «Қолғабыс» қоры қызметін бастады

Арыс қаласындағы Ергөбек мәдениет үйінде «Қолғабыс» қоғамдық қорының таныстырылымы өтті.


Жиынға Арыс қалалық мәслихатының хатшысы Амантай Байтанаев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Исламбеков, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері және қала тұрғындары қатысты.

«Тәрбие мен білім», «Спорт пен денсаулық», «Әлеуметтік бағыт», «Қайырымдылық бағыт», «Баспанамен қамту» және «Эко тазалық» сияқты 6 бағыт бойынша жұмыс істейтін «Қолғабыс» қайырымдылық қорының жетекшісі Сырлыбек Мұсабековтің айтуынша, қор өз қызметін Арыс қаласы мен қала аумағындағы ауылдарда көрсетеді. Арнайы топ өкілдерінің тексеруі арқылы олар көмекке шын мұқтаж жандарға қол ұшын созуда аянып қалмақ емес. Тіпті, ресми түрде ашылғанға дейін белсенді жастар мен кәсіпкерлердің қолдау, көмегімен 60-қа жуық отбасыға түрлі көмек көрсетіп үлгеріпті.

Қор өкілдері қазірдің өзінде республика көлемінде жұмыс істеп жүрген «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорымен бірлесіп, игілікті істің ұйытқысына айналып отыр.

Басқосудың күн тәртібінде қордың бақылау комиссиясының құрамы бекітілді. Сондай-ақ, еріктілермен бірігіп іске асыратын жұмыс жоспары да нақтыланды.

Жиында сөз алғандардың барлығы да «Қолғабыс» қорының құрылғанын қолдап, қор қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, бірқатар ірі кәсіпорындар мен ұйым, мекеме басшылары тиісті деңгейде қаржылай демеу жасауды бастап кетті.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.