Түркістан: Ауыз су құрамының тазалығы тексеріледі

Тұрғындар күнделікті тұтынатын ауыз судың тазалығы тексеріліп жатыр.


Бұл жайлы тікелей эфирде «Түркістан-Су» МКК директоры Сейілбек Дайрабай айтып өтті.

Онлайн жүздесу 109 — Бірыңғай байланыс орталығы (Instagram: @turkistan109, Facebook: Turkistan Bailanys Ortalygy) мен Түркістан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде ұйымдастырылды. Өз кезегінде тікелей эфир барысында қала тұрғындары толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Атап айтқанда, қолданып отқан су құрамының тазалығы бойынша сауал қойған тұрғынға мекеме басшысы, мекен-жайға қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірге тексеріс жүргізетіндігін жеткізді. Тікелей эфирде айтылған мәліметке сәйкес, қазіргі таңда шаһардың 98 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған бөлігі бос жатқан жер болып есептеледі. Кентау қаласы Мырғалымсай каналынан ағып келетін су қала аумағына арнайы әдістермен тазаланып жіберіледі. Және әр ай сайын мекеме ағын су құбырларын техникалық бақылаудан өткізіп тұрады.

Егер су тұтынушысы, судың сапасына байланысты қандай да сауал-шағымы болса мекеменің 4-21-94 диспетчерлік қызметі күнделікті жұмыс істейді.

Құрметті оқырмандар, қала аумағында ауызы ашық қалған кәріз жүйесі қақпақтарын байқаған немесе кәріз жүйесі қақпағын алып жатқан адамды байқаған болсаңыз 8 775 634 66 77 немесе 4-21-94 байланыс сымтетігіне хабарласуыңызды сұранамыз. Айта кетейік, осындай жағдайдың алдын алған азаматқа 10 000 көлемінде сыйақы қарастырылған. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.