Түркістандық білім ордаларының ерікті қызметкерлері түркі әлемі тәу ететін Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағын абаттандыруға үлестерін қосты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Түркістан қаласында қарқынды іске асырылып келеді. Акция аясындағы «Өнегелі ұрпақ» атты төртінші аптасының сенбілігінде білім ордаларының ерікті қызметкерлері түркі әлемі тәу ететін Қ.А.Ясауи кесенесінің аумағын абаттандыруға үлестерін қосты.

Қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру, жастарды экологиялық мәдениетке үйрету мақсатында мектеп аулаларында да тиісті жұмыстар жүргізіліп, оқушылар гүл, ағаш отырғызу жұмыстарында белсенділік танытып келеді. Сонымен қатар, “Өнегелі ұрпақ” апталығы негізінде жасы үлкен қариялар мен ақ жаулықты аналарымыздың отбасыларына барып, аулаларын тазалау жұмыстарында қолғабыс жасауда.

Қ.А.Ясауи кесенесі бүгінде күллі түркі елі келіп тәу ететін, туризмнің ошағына айналған киелі кесене екендігі белгілі. Түркістанның төрінде орналасқан алып кесенеге жыл сайын миллионнан астам туристер ағылып жатады.

Бүгін облыс орталығында өткен кезекті сенбілік кесене аумағын абаттандыру мен көгалдандыруға арналды. Жүздеген қала тұрғындары, оның ішінде 400-ден аса білім саласының қызметкерлері тазалық акциясына қатысып, қаншама бабаларымыз мәңгілік мекен еткен қасиетті аумақты тазартуға атсалысты.

Сонымен қатар, акция аясында білім мекемелерінің аумағын және қала көшелерін тазарту жұмыстары да жалғасып тауып, сала қызметкерлері экологиялық акцияның орындалуына өз үлестерін жоғары деңгейде қосып келеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin