Түркістан: Бәйдібек ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бәйдібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.


Іс-шараға жұмыс іздеуші аудан аумағындағы 11 ауылдық округтің тұрғындары, 47 жұмыс беруші қатысты.

Іс-шарада жұмыс іздеушілерге газэлектродәнекерлеуші, тас қалаушы, бетоншы, көмекші жұмысшы, бухгалтер, бағбан, невропатолог, электромонтер, өрт сөндіруші, тазалаушы, оператор, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы, электрослесарь, ветеринарлық техник, аула сыпырушы және т.б. бос жұмыс орындары ұсынылды

Іс-шараның нәтижесінде 13 жұмыс іздеуші, аудандық Жасыл саябақтар, аудандық ветеринарлық қызметі, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, аудандық орталық аурхана, «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС, Бәйдібек Су, «Тау-Асар» бөбекжай балабақшасы, Сырдария Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, Бәйдібек аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, шарада Ордабасы ауданаралық әділет басқармасының басшысы Б.Нұрпейісов, Ордабасы ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалының басшысы-аға сот орындаушысы Ж.Токсабаев, Бәйдібек аудандық пробация бөлімінің аға инспекторы Т.Қалмұратұлы және Түркістан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы Түркістан облысының атқарушылық округінің жеке сот орындаушылары Е.Байсариев және Б.Кадирсизов әлеуметтік сала, жұмыспен қамту мәселесі бойынша кеңестер берді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.