Түркістан: Бәйдібек ауданында өрттің алдын алу бойынша жиын өтті

Бәйдібек ауданында өрттің алдын алу бойынша жиын өтті.


Жаз айларында елді мекен аумағындағы өртке қарсы ерікті құтқарушылар тобын құру, төтенше жағдайлардың алдын алу қауіпсіздігін сақтау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиевтің бекітуімен «2021 жылғы өрт қауіпті жаз мезгілінде дала, орман және тоғай өрттерінің алдын алу, болған жағдайда дер кезінде сөндіріп алу мақсатында ауылдық округ әкімшілігі, елді мекендердегі шөп ору науқанына қатыстырылатын техникалар мен ерікті өрт сөндіру жасақшыларының дайындығын зерделеу жоспары» іс-шара жоспары түзілген.

Іс-шара жоспарына сәйкес, бүгін Алмалы ауылдық округі, Бәйдібек ата елді мекенінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Қанат Әуелбеков және аудан әкімінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы Мейіржан Тұрғымбаев, Алмалы ауылдық округінің әкімі Элдар Тазабеков және ерікті өрт сөндіру жасақшыларымен өрттің алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау, өрт болған жағдайда алгаритім бойынша тиісті жұмыстар жүргізу және келісім шартқа тұрған техникаларды тексеру бойынша дайындық жұмыстары өткізілді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.