Аптап ыстық, аңызақ жел. Климаты құрғақ аймаққа жататын Түркістанда егілген көшеттердің өзге өңірлермен салыстырғанда жерсінуі тым төмен.
Әлемдегі жасыл желектің жерсіну көрсеткіші 70 пайызды құраса, шаһар аумағындағы деңгейі 50%-дан аспайды. Осылай деген ғалымдар көне қаладағы жасыл желектің көлемін арттыруды қос қолдап қолдауда. Киелі шаһарды жел эррозиясынан сақтап, экологиялық ахуалық тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру үшін қала айналасынан «Жасыл аймақ» құрылған.
Жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстарына айрықша назар аударылған. «Қаланың өкпесіне» айналатын 30 мың гектар аймаққа сан түрлі ағаш отырғызылады. Әр ағаштың түбіне тамшылатып суару жүйесі жеткізілуде. Қала аумағында ұңғымалар қазылып, су арналары жүргізілуде. Бірнеше су қоймалары салынып жатыр. Жасыл желектің тамыр жайып, жерсінуі үшін бау баптаған бағбандар тартылған. Қоршаған ортаны жақсарту үшін Түркістан облысының елді мекендерінде тұрақты негізде жасыл желектер отырғызу бойынша акциялар өткізіліп тұрады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Республика аумағында экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2 млрд түрлі ағаш көшеттерін отырғызу белгіленген.
Осыған сәйкес, облыс әкімдігі Қазақстан Республикасының Экология министрлігімен бірлесіп, Кешенді жоспар қабылдады, онда 5 жыл ішінде 110 210 га аумақты көгалдандыруға 170 млн. ағаш көшеттерін отырғызу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Сапалы және толық орындау үшін қосымша штат бірліктері мен техника сатып алынады. А. Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми зерттеу институты басқармасының төрағасы Әлімжан Нұрсұлтанұлы Рахымжанов өз пікірімен бөлісті:
Түркістанның «Жасыл аймағы Нұр-Сұлтан қаласының “Жасыл аймағының» аналогы ретінде құрылуда.
Бүгінгі таңда елді мекендерде көгалдандырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған Жасыл аймақ құрылған. Тек климаттың қолайсыздығы кедергі. Жазда ауаның температурасы 35 градустан асады. Ылғалдылық өте төмен. Жауын-шашын өте аз. Үлкен жұмыс атқарылуда. Питомниктер құрылуда. Түркістан маңында 30 мың гектар алқапта «Жасыл аймақ» құрылады. Мұнда ыстыққа төзімді ағаш түрлері отырғызылады», — деді сарапшы.
Қазақ орман шаруашылығы және агроорман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ормандарды молайту және орман өсіру бөлімінің бастығы Светлана Кабанова ғалымдарға «Жасыл аймақ» құруда ақыл — кеңесімен бөлісті.
«Қалалардың айналасында «жасыл аймақтар» құру — өте маңызды іс-шара. Біз Қазақстан қалаларының айналасында «жасыл аймақтар» құру және сақтау жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар бере аламыз. Түркістанның айналасында атқарылған жұмыстар, бұл — титаникалық еңбек, қажырлы жұмыс. Себебі осындай климаттық жағдайында бұл «жасыл аймақты» құру өте қиын. Ауа температурасы өте жоғары, құрғақшылық. Бұл жайттар кері әсерін тигізері сөзсіз. Көгалдандыру жұмыстарында барлық қажетті нормалар сақталған. Сондықтан бұл үлкен еңбек өз жемісін беруде», — деді Кабанова.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Wow, amazing blog layout! How lengthy have you ever been blogging
for? you make running a blog glance easy. The whole glance of your website is excellent, let alone the content material!
You can see similar here sklep online
Hey there! Do you know if they make any plugins to help with
Search Engine Optimization? I’m trying to get my blog to rank for some
targeted keywords but I’m not seeing very good results. If you know
of any please share. Thank you! I saw similar blog here: List of Backlinks
Wow, awesome blog structure! How lengthy have you been running a blog for?
you made blogging look easy. The overall
look of your site is fantastic, let alone the content material!
You can see similar here sklep internetowy
Wow, wonderful weblog format!
How long have you been running a blog for? you made running a blog glance easy.
The full look of your website is excellent, as
neatly as the content! I read similar here prev next and that was wrote by Bettie71.
Wow, superb blog format!
How long have you ever been running a blog for? you make blogging glance easy.
The whole glance of your web site is excellent, let alone the content material!
I saw similar here prev next and those was wrote
by Jerrod81.