Түркістан: Жетісайда ауыл тұрғындары өз таңдауын жасауда

Жетісайда ауыл тұрғындары сайлауда  өз таңдауын жасауда. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Таңғы сағат 07:00-ден бастап Жетісай ауданына қарасты Асықата, Атамекен, Ералиев, Жылы Су ауылдық округі әкімінің жаңа форматтағы сайлауы өтуде. Округтер аумағындағы 22 сайлау учаскелерінде сайлау науқаны еліміздің әнұранының орындалуымен бастау алды.

Асықата кентінен әкімдікке 4 үміткерді сайлауға 8040 округ тұрғыны;

Атамекен ауылдық округінен әкімдікке 3 үміткерді сайлауға 4900 округ тұрғыны;

Жылы Су ауылдық округінен әкімдікке 3 үміткерді сайлауға 6890 округ тұрғыны;

Ералиев ауылдық 6890 округінен әкімдікке 3 үміткерді сайлауға 7486 округ тұрғыны қатысып, өз таңдауын жасамақ.

Барлық учаскелерде карантин талаптары қатаң сақталуда

«Өз таңдауларыңызды жасап, ауданымыздың даму жолында өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз»,-дейді әкімдік қызметкерлері.

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 70 %-ы дауыс берген. Олардың жалпы саны– 185 264 адам.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.