Түркістан: Ислам діні көркем мінез-құлықтан тұрады

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық №16 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектептің оқушыларымен кездесу өтті. Мамандар оқушыларға діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың зияны жайлы айтып берді. Оқушылардың «Теріс ағымдардың мақсаты не?» деген сұрағына жауап берді. «Теріс ағымды насихаттаушылардың мақсаты біреу – қоғамды «біз» және «басқаларға» бөліп, мемлекеттегі дінаралық татулықты, ұлтаралық келісімді, бейбіт өмір мен тұрақтылықты бұзу. Мысалы, қоғам мүшелерін «мұсылман» және «кәпір» деп бөлу әдісі осындай жат ағымдардың қолданатын тәсілдерінің бір ғана көрінісі. Айрандай ұйып отырған бір отбасын немесе мешіттің бір бүтін жамағатын топтарға бөліп тастайды, қоғам мүшелері арасында ауызбіршілік жоғалады. Кез келген жат ағым өзінің адептілерінің (жамағанының) көбейгенін қалайды. Сол үшін аянбай күреседі. «На войне все средства хороши» дегендей, олар жамағат санын көбейту үшін барлық әдіс-тәсілдерді қолданады: қайырымдылық қор ашады, тегін дәрі-дәрмек таратады, киім-кешек береді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсеткен болады, психологиялық күйзеліске түскен адамға келіп «Құдай сені жақсы көреді» деген сияқты жанды жұбататын жылы сөздерді айтады және т.б. Бір ескеретін жайт, «теріс діни ағым» деген уақытта біз тек исламды жамылған жат ағымдарды түсінбеуіміз керек. Бұлай ойлау қате. Себебі терроризм, экстремизм адамның тіліне, дініне, нәсіліне қарамайды. Мысалы, дәстүрлі христиан дінін жамылған теріс діни ұйымдар, топтар, ағымдар мен секталар да жетіп жатыр. Теріс діни ағымдар мен секталар бір адамды өз қатарларына қосып алған соң, сол арқылы оның отбасына, ағайын туыстарына шығады. Кейін уақыт келе халықтың тарихы және мәдени қалыптасқан дінін бұрмалап, ділін терістеп, дәстүрі мен салтын, тарихы мен мәдениетін жоққа шығарады, мемлекеттік рәміздерді құрметтемейді және т.б. (Мысалы, ән ұран айтылғанда орнынан тұрмау, әскери борышты өтемеу, референдумғе яғни, дауыс беру сайлауына қатыспау және т.б.) Ұлтқа өзіндік нақыш беріп тұрған (мысалы, сәлем салу, дастарқанды немесе асты қәдірлеу сияқты т.б.) рухани құндылықтардан айырып, халық арасында мемлекетке қарсы нарызылық тудырады, елді ынтымағы мен бірлігінен айырады»,-деді мамандар. Жиын барысында мұсылмандардың өзге дін өкілдерімен қарым-қатынасы да саөз болды.Исламда өзге дін өкілдерімен жасалатын қарым-қатынастың қағидаттары  шариғаттың негізгі қайнар көздері – Құран мен сүннетте бекітілген. Дәстүрлі дініміз кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды, адамдарды нәсіліне, ұлтына, дініне байланысты бөлмеуді насихаттайды. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, VII ғасырдан бастап Ислам діні өзінің географиялық орналасу аймағына сәйкес, сол елді мекен аумағында қоныстанған көрші иудейлермен, христиандармен, отқа табынушылармен және басқа да діни сенімдегі адамдармен бейбіт қарым-қатынас орнатқан. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған  игілігі мен сәлемі болсын) исламды қабылдаған мұсылмандармен бірге 622 жылы Мекке қаласынан Мәдина қаласына хижрет жасаған, яғни қоныс аударған болатын. Мәдина қаласына қоныстанған соң Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қаладағы өзге дін өкілдерімен «Мәдина» келісімшартын жасады. Сонау VII ғасырда жасалған бұл келісімшарт – исламдағы төзімділік пен бейбітшілікті, исламның адам құқығына деген құрметі мен диалог мәдениетін, өзге дін өкілдеріне көзқарасын, сондай-ақ сенім бостандығы мен ар-ождан еркіндігін қамтыған алғашқы қағидаттар жинақталған құжат. Өз заманында Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзге дін өкілдеріне мейірімділікпен, қамқорлықпен қарай отырып, олардың құқығын мұсылмандардың құқығымен тең дәрежеде ұстады. Ғибадатханаларын қиратпауды, діндарларды өлтірмеуді, оларға қол жұмсамауды, алым-салық алмауды, мал-мүлкіне қол сұқпауды өсиет еткен. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) тәлімін алған ізбасарлары да мұсылмандардың қоластына кірген елдерде осы ұстаныммен билік жүргізді. Сонымен қатар, «Кім адамды (мұсылмандармен бірге өмір сүретін өзге дін адамын) өлтірсе, ол жәннаттың исін де иіскемейді. Әрине, жәннат исі жетпіс жылдық қашықтықтан келіп тұрады» деп ескерткен. Осы хадиске назар аударсақ, дінімізде өзге дін өкілдеріне үлкен құрмет көрсететінін анық көруге болады. Ислам кез келген дін өкіліне құрметпен қарайды. Ешкімді дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына немесе материалдық жағдайына қарап бөлмейді. Адамға рухани құндылығы тұрғысынан баға береді. Жалпы ислам діні көркем мінез-құлықтан тұрады. Көркем мінездің де түрі өте көп. Олардың қатарына кешірімділік, жомарттылық, шыншылдық, аманатқа беріктік, қарапайымдылық, сыпайылық, сабырлылық, ұяттылық жатады. Күнделікті өмірде адамдардың арасында кездесетін барлық қарым-қатынас, іс-қимыл, әрекет, сауда-саттық кезінде жақсылық жасаудың кез келген жолы, тіпті адамға жылы шыраймен қараудың өзі көркем мінез саналады. Өзінің шыншылдығымен, әділдігімен қара қылды қақ жарған тұлға Хаттабтың ұлы Омардың оқиғаларын мысалға келтіре кетсек: Ислам діні жан-жаққа тарап, аумағы кеңейіп, көптеген жерлер ислам дінінің билігіне қараған болатын. Сол жылдары өзге ұлттар мен өзге дінді ұстанушылардың ешбіріне мұсылмандар тарапынан қысым жасалмай, тұрғындар еркін өмір сүрген еді. Ислам діні христиандар көбірек шоғырланған Палестина аймағына да жетіп, сол жерде тарағаннан кейін, екінші халифа Омар 637 жылы оның тұрғындарымен бейбіт қарым-қатынасты сақтау мақсатында былайша келісім шарт жасайды: «Бұл Алланың құлы, мұсылмандардың әміршісі Хаттабұлы Омардың Илиа халқына берген қауіпсіздік қағазы: «Олардың жандарына, малдарына, шіркеулеріне, крестеріне, дені саулары мен сырқаттарына және қалған ұлтына амандық берілді. Шіркеулерін ешкім тұрғын үйге айналдырмайды, оларды ешкім бұзбайды, олардың ішкі және сыртқы қор мүліктерінен еш нәрсе кемітілмейді, олардың малдарына ешкім қол сұқпайды. Мұндағылардың дініне зорлық жасалмайды», – деп Палестина халқының қауіпсіздігіне кепілдік берген болатын. Сондай-ақ, бірде Омар халифа кезінде көшеден қайыр сұрап отырған кәрі кісіні көреді де, оған жақындап: «Сен қай дін иесісің?» – деп сұрайды. Сонда әлгі ақсақал: «Мен яһудимін», – деп жауап береді, сол кезде халифа Омар одан не себепті осылай отырғандығын сұрайды. «Себебі мен мұқтажбын, жұмысқа жарамайтын кәрі адаммын ғой», – деп жауап береді. Сол кезде Омар оны мемлекет қазынасынан қажетін өтейтіндей керегін береді де, оның мойынынан өзге дін өкілдері мұсылман елінде тұрғаны үшін беретін салықты алып тастайды. Міне, бұл әділдіктің ең шыңы! Қазіргі уақытта басым бөлігін мұсылмандар қамтитын елдердегі христиан дін өкілдері ешбір қысым көрместен, мұсылмандармен бейбіт қарым-қатынаста араласып, ымыраластықта өмір сүруде. Жоғарыда келтірілген оқиғалар шынайы ислам діні өзге дін өкілдерімен қандай дәрежеде жақын болғандығын көрсетеді. Ал өзін мұсылманмын деп есептейтін адамды бес уақыт намаз оқымағаны үшін ғана кәпір деп айыптап, мал-мүлкін өзіне адал қылған жат діни ағым ұстанушыларының әрекеті ислам дінімен еш байланыспайды. Адами құндылықтары жоғалған және өздерін ғана ақиқатты ұстанушылар ретінде есептейтін олар нағыз исламның өзге дін һкілі болса да адам өміріне құрметпен қарайтынын білмесі анық. Сол себепті бір шаңырақ астында бейбітшілікте өмір сүру адамға берген ең үлкен құндылық деп қабылдау керек.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.