Келес ауданындағы сауда үйлерінің, сауда орталықтары Ashyq жобасына қатыса отырып жұмысын жалғастырады.
Егер олай болмаған жағдайда бизнес-нысандарының жұмысына шектеу қойылады. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен өткен штаб отырысында аудандық бас санитариялық дәрігері Спандияр Оразымбетов мәлімдеді.
Штаб отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, мобильді топтардың жетекшілері мен аудан аумағындағы сауда үйлерімен базарлардың басшылары қатысты. Жиын барысында қабылдаған сауда және ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, дәмханалар мен мейрамханалардың жаңа жұмыс ережелерін айтылып, мобильді топтардың жұмысы талқыланды.
— Елімізді есеңгіретіп жіберген індет әлі күнге айылын жимай отыр. Әрқайсымыз өз ортамызда жақындарымыз үшін жауапкершілік танытпасақ, соңы өкінішті жағдаймен аяқтала бермек. Індет адам таңдамайтынын, ұлт талғамайтынын түсінгеніміз жөн. Той қазақтың қазынасы. Бірақ, індет жұқтырғандардың 70%-ы той-томалақ, жиындар мен адам көп шоғырланатын жерлерден туындап отыр. Сондықтан, отбасылық мерекелер мен көп адамның жиналуымен байланысты кез келген шараларға қатыспауға, жасамауға тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, талаптарды орындау мақсатында барлық азаматтар бірлесе жұмыс атқаруы тиіс, — деді аудан әкімі Ақментай Есбаев.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
You’re in point of fact a just right webmaster. This site loading
pace is amazing. It kind of feels that you’re doing any distinctive trick.
Moreover, the contents are masterwork. you’ve done a excellent job on this topic!
Similar here: fordero.shop and also here: Najlepszy sklep