Түркістан: Келес ауданында бес айда бала туу көрсеткіші 2020 жылдың 5 айымен салыстырғанда 33,87 пайызға артқан

Келес ауданының Сарыағаштан бөлініп шыққанына үш жылдай болып қалды.


Ауданның әкімшілік құрамына 12 ауылдық округ пен 83 елді мекен кіреді. Келес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асылхан Келімбетов биылғы бес айда атқарылған жұмыстардың көлемі туралы айтты.

– Осы жылдың алғашқы 5 айында аудан бойынша 2750 отбасының 15 689 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның ішінде 227 отбасының 974 мүшесіне шартсыз ақшалай көмек және 2523 отбасының 14 715 мүшесіне шартты ақшалай көмек тағайындалды, – дейді бөлім басшысы.

Келес ауданында мүмкіндігі шектеулі 4149 жан тіркелген. Соның 3041-і 1, 2, 3-топ мүгедектері болса, 429-ы – зейнет жасындағылар. Ал, мүмкіндігі шектеулі 16 жасқа толмағандар саны – 679. Шымкент қаласындағы №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына жолдама алу үшін осы жылдың 3 айында 12 азаматтан өтініш қабылданып, оның сегізіне жолдама берілген. Гигиеналық құралдар алуға 458 мүмкіндігі шектеулі жан тіркеліп, 443-і aleumet.kz порталы арқылы өз таңдауларын жасап, гигиеналық құралдармен қамтылған. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 167 мүгедек баланың әрқайсысына оқуға арналған құрал-саймандар алуға айына 2 айлық есептік көрсеткіштен (5834 теңге) жәрдемақы төленіп отыр. Туберкулез ауруына шалдыққан 43 азаматтың әрқайсысына ай сайын 29 170 теңге төленеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз орта» құру бойынша 2012-2020 жылдар аралығында 124 нысан бейімдеуден өтсе, 2021 жылы 15 нысанды бейімдеуден өткізу жоспарланып отыр. Ал, өткен жылы жеке көмекшінің қызметін алуға 1-топтағы жүріп-тұруы қиын 158 мүгедек өтініш беріп, ымдау тілі маманының қызметін алуға 53 мүмкіндігі шектеулі жанның өтініштері тіркеліп, қызметтерін пайдалануда.

     Азаматтардың хал актілерін тіркеу саласында 2021 жылдың 5 айында барлығы 2188 құжат тіркелген. Оның ішінде туу туралы куәлік, неке қию, қайтыс болу, неке бұзу, перзент асырап алу және тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы өтініштер бар. Биылғы бес айда аудандағы бала туу көрсеткіші 2020 жылдың 5 айымен салыстырғанда 357-ге көбейіп, туу көрсеткіші 33,87 пайызға артқан.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.