Түркістан: Мақтааралда «Медиация – бітімгерлік жолы» тақырыбында семинар өтті

Мақтааралда «Медиация – бітімгерлік жолы» тақырыбында семинар өтті. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Мақтаарал ауданында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын басшылыққа ала отырып «Медиация — бітімгерлік жолы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Арнайы шара аудан тұрғындары арасында тыныштықты сақтау мен даудың алдын алу, халыққа заң тұрғысынан тегін кеңес беру мақсатында ұйымдастырылда.

Аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында өткен семинарға аудандық соттың төрағасы Құнанбай Мұсаев, кәсіби медиаторлар Бауыржан Умирзаков, Гульзира Кенжебаева, Орынбасар Лесбеков, Зере Дәуірхан және қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесінің төрағалары, аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, дін қызметкерлері, нотариустер, кенттер мен ауылдық окург әкімдері, дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында өткен Семинар кеңестің соңы халықты толғандырып жүрген мәселелер бойынша ашық есік күнімен жалғасын тапты. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.