Түркістан: Мақтааралда жаз мезгілінде астан уланудың алдын алу бойынша семинар-кеңес өтті

Жаз мезгілінде кездесетін жұқпалы аурудың түрлері көп. Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындарында, оның ішінде көше бойларында орналасқан кафе, асхана, дүңгіршіктерден тамақ сатып алу — өте қауіпті.


Міне, осы қауіптің алдын алу мақсатында аудандық кәсіпкерлік бөлімі және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен Мырзакент кентінің кәсіпкерлеріне арнайы семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Абдуғали Кемелов, Мырзакент кентінің әкімі Мамыр Бейсенбаев және аудандық СЭББ-ның бөлім басшылары мен мамандары қатысып, кәсіпкерлерге тамақтан улану және оның алдын алу жөнінде кеңінен ақпараттар берді. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандарды «Ашық» жобасына енгізу және оның қызмет көрсету орындарындағы маңыздылығы туралы, коронавирус жұқпалы ауруының алдын алу үшін кәсіпкерлік нысандардың қызметкерлеріне вакцина ектіру мәселесі семинар-кеңес барысында айтылды.

«Азық-түлікті сатып алған кезде өнімдердің орамасына, жемістер мен көкөністердің солғындығына, жұмыртқалардың сынғанына, азық-түліктердің жарамдылық мерзіміне өте мұқият назар аудару керек. Әсіресе, жазда азық-түлік өнімдерінің ластану қауіпі жоғары болғандықтан, оны сатып алғанда барынша сапасына мән беріп, қай жерде, қандай жағдайда сақталғанына мұқият көңіл бөлу керектігін ескертеміз. Азық-түлікті қайдан сатып алсаңыз да — сатушы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті» — деді А.Кемелов.

Айта кетейік, астан уланудың алдын алу, кәсіпкерлік нысандарға «Ашық» жобасын енгізу және вакцинация мәселелері бойынша кәсіпкерлерге арналған семинар-кеңестер мен жиындар жалғасын табатын болады. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.