
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттілігі жөнінде бастама көтерген болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 25 шілдесі күні ауыл әкімдерін сайлаудың алғашқы кезеңі іске асырылатын болады.
Қазіргі таңда, Түркістан облысында 181 ауыл округі болса, биылғы жылғы ауыл әкімдерін сайлау 63 ауыл округінің 264 сайлау учаскесінде өткізілетін болады.
Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде алдымен 60 ауыл округінің тұрғындары өз таңдауларын жасайтын болады. Бүгінгі күнге дейін 230 ауыл әкімдігіне үміткер азаматтар тіркеліп үлгерді. Оның 76-сы тіркелген саяси партиялардың ұсынған үміткерлері болса, 154-і өз-өзін ұсынған азаматтар.
Саяси партиялар мен жеке азаматтардың өзін-өзі ұсынуы бойынша үміткерлердің тіркелуі 14 шілдеге дейін жалғасатын болады.
Бұл туралы Түркістан облысы сайлау комиссиясының төрағасы Өмірәлиев Әлібек Кәденұлы баяндады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
16005 152428Um, take into consideration adding pictures or more spacing to your weblog entries to break up their chunky look. 363310
793791 521780If running proves to be a problem then it may possibly be wise to locate alternative exercises such as circuit training, weight training, swimming or cycling. 324567
787478 498669Gnarly article mate, keep the excellent function, just shared this with ma friendz 276130