Түркістан: Ордабасыда минералды су өндіретін кәсіпорын мен шипажай іске қосылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөген ауылында «Бөген» табиғи минералды емдік ас су өндіріс орны іске қосылды.


Сондай-ақ «Әзімбай қажы» термалды шипажайы да ем алушыларға есігін айқара ашты.

Салтанатты іс-шараға Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев қатысып, өңірдің табиғи жағдайын пайдаланып, кәсіп бастаған ауыл азаматтарына сәттілік тіледі.

«Ауданымызда жерасты термалды шипалы суларының қоры мол. Осы мүмкіндікті пайдаланып, еліміздегі медициналық туризмнің дамуына үлес қосып жатқан кәсіпкерлердің қатары көбейіп келеді. Бүгін ауданымызда жаңа кәсіпорын ел игілігіне беріліп отыр. Алдағы уақытта Бөген ауылы туристердің қызығушылығын арттыра түседі деген ойдамыз», – деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.

Бүгінгі таңда талған емдеу-сауықтыру шипажайы бір мезгілде 30-ға тарта ем алушыны қабылдай алады. Аталған жоба аясында екі монша, емдік шипажай, минералды ауыз су зауыты жұмыс істеп тұр.

Жоба авторлары алдағы уақытта ауыл іргесінен бірдей уақытта 180 емделушіні қабылдай алатын ірі шипажай құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

«Шипажайымыздағы термалды судың құрамындағы магний элементі көптеген ауруларға ем. Әсіресе біздің шипажай адам бойындағы улы заттарды шығаруға, қант диабетін емдеуге таптырмас мекен. Сондай-ақ орталығымызда бес түрлі медициналық көмек көрсетіледі. Соның ішінде тамақ ауруларын емдеуге жаңа заманауи аппараттар қолданылады. Ем алушылар үшін бағасы тәулігіне 8000-8500 теңге», – дейді кәсіпорын басшысы Дариха Әбішева.

Қазіргі уақытта шипажайда 10-ға тарта қызметкер, ал, минералды су шығаратын зауытта 10 азамат жұмыспен қамтылған. Кәсіпорынның өндіріс көлемі артқан жағдайда ауыл тұрғындары тағы да тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Табиғи минералды емдік ас суы түрлі көлемдегі ыдыстармен шығарылады. Бөгенның шипалы сулары еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, көршілес облыстарға саудалануда. Қазіргі таңда кәсіпорын дайын өнімді экспорттау бойынша көршілес Өзбекстанмен келіссөз жүргізіп жатыр.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 387 Comments

  1. Dzięki programowi monitorowania rodziców rodzice mogą zwracać uwagę na czynności wykonywane przez ich dzieci na telefonie komórkowym oraz łatwiej i wygodniej monitorować wiadomości WhatsApp. Aplikacja działa cicho w tle urządzenia docelowego, nagrywając wiadomości konwersacyjne, emotikony, pliki multimedialne, zdjęcia i filmy. Dotyczy każdego urządzenia z systemem Android i iOS. https://www.xtmove.com/pl/how-to-track-and-read-someones-whatsapp-messages-calls-location/