Түркістан: Ордабасылық көпбалалы ана мемлекеттік қолдаумен кәсіп ашып, дөңгелетіп отыр

Ордабасы ауданының орталығы — Темірлан ауылының тұрғыны Ләйлә Әбдімәжитқызын жергілікті жұртшылық көпбалалы кәсіпкер ана ретінде таниды. «Шеше көрген тон пішер» дегендей, ол бала кезден тігіншілікті анасынан үйренген.

2019 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы аясында арнайы оқуын тәмамдап, сертификат алған. 2020 жылы бизнес жобасын қорғап, мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Ал 2022 жылы «Айша» тігін шеберханасын ашып, қазіргі таңда 4 ауыл тұрғынан жұмыспен қамтып отыр.

Тапсырыстың көптігіне байланысты Ләйлә Әбдімәжитқызы алдағы уақытта кәсібін үлкейтуді жоспарлап отыр. «Айша» тігін шеберханасында қыз жасауы, әшекей бұйымдар, тойбастар заттар жетерлік. Қолдан тігілген бұйымдар мен үйдің төсеме жабдықтарының сапасы өте жоғары болғандықтан, тапсырыс та көп.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin