Түркістан: Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 65 780 га жеткізу жоспарланған

Еліміздегі ауыл шаруашылық өндірісінің маңызды саласы – мал шаруашылығы. Биыл ауарайының қолайсыздығы салдарынан төрт түлік үшін қысқы жем-шөп жинау басты мәселеге айналды.


«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, төрт түліктің бабын тауып, қақаған қыстан аман өткізу үшін осы бастан жем-шөпті жетерліктей дайындау керек екені бәрімізге белгілі.

Осы түйіткілді шешу мақсатында Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 65 780 га жеткізу жоспарланған. Бүгінгі күнге жоспар толықтай орындалды. Оның ішінде мал азығы дақылдарының үлесі 71 пайыз яғни 46 705,7 га құрайды. Атап айтар болсақ, егілген дақылдар; бидай – 18 592 га, жаздық арпа – 1 379 га, дәндік жүгері — 9 652,2 га, жоңышқа — 17 082 га (жаңа жоңышқа — 8 489 га, ескі жоңышқа — 8 593 га) егілді.

Қазіргі таңда, ауданға қажетті мал азығы (шөп) 236 339,7 тонна құраса, жалпы жиналатын мал азығы 327 490 тонна құрайды.

Шартты мал басына сәйкес мал азығы (жем) қажеттілік 41 035 тонна болса, ауданда өндірілетін бидай, арпа, дәнді жүгері дақылдарынан 98 320 тонна өнім алынады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан аудандағы ірі қара мал және құс өсіруші кәсіпорындарға «Азық – түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК АҚ арқылы 7 230 тонна бидай, 25 тонна арпа барлығы 7 255 тонна дақылға сұраныс берілді. Олар «Ордабасы құс» ЖШС 6 000 тонна, «Инфрастрой ЛТД» ЖШС 1 000 тонна және мал шаруашылығымен айналысатын 5 шаруа қожалыққа 255 тонна жүктелді.

Қазіргі таңда аудан көлемінде мал азығының тапшылығы байқалмайды. Нақтырақ айтар болсақ, бір түп жоңышқа 800-850 теңгеден сатылуда.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. 146381 526382Wow, wonderful weblog layout! How long have you been blogging for? you make blogging appear easy. The overall look of your internet website is wonderful, let alone the content material! 476569

  2. 450534 432229I located your weblog website on google and check a couple of of your early posts. Proceed to preserve up the really excellent operate. I just extra up your RSS feed to my MSN News Reader. Looking for ahead to reading extra from you later on! 836495

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.