Түркістан: Оқушылар сарайы мен мектеп-интернаты арасында меморандум түзілді

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев жолдауында балалардың қолөнер мен шығармашылықты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқушылар сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны және Қ.Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп интернаты арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Әр балаға сабақтан тыс үйірмелерге қатысып, қосымша біліммен қамту үшін жұмыс жүргізу қолға алынды. Алдағы уақытта оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестігін дамытуға, тәрбиеленушілердің бейімділігімен қабілеттерін қалыптастыруға үйрете отырып, балалардың дамып жетілуіне жол ашылды. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай еліміздің іргетасын нығайтып, келешегін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеуде, болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, жұмыс жүргізу жоспарлануда.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.